Қайрат Нұртас пен Филипп Киркоров Алматыда бірігіп концерт бермек

Дүйсенбі, 14 Қараша , 2016 15:00

Биылғы жылы “Алматы Арена” мұз сарайында Қайрат Нұртас пен ресейлік әнші Филипп Киркоровтың концерті өтпек. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

666666666666666666э

Жаңалықты Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек үкімет отырысы кезінде баяндап берді.

“Жаңа нысанда белсенді жұмыс жүріп жатыр. 5 қарашада “Алмат Аренада” сырғанау маусымы ашылған болатын. Мұнда бірқатар шаралар өтіп үлгерді, оның ішінде Алматының мың жылдығын тойлау, Муззон музыкалық сыйлығын табыстау және Қанат Исламның жекпе-жегі бар. Бұл шаралардың барлығында зал толы болды. Бізде билет 100 пайыз сатылып кетеді”, – деді әкім.

Оның сөзінше спорт кешенінде жыл соңына дейін 8 ірі іс-шара болмақ.

“Бұл футзалдан УЕФА кубогының кезеңдері, мәнерлеп сырғанаудан ұлттық чемпионат, Филипп Киркоровтың, Қайрат Нұртастың концерті және басқа да шаралар. Жыл соңына дейін біз нысанда жұмыс істеп, барлық техникалық жағдайларын қарастырып боламыз. Ол жерде қысқы Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаттары өткізіледі”, – деді Бауыржан Байбек.

Оқи отырыңыз:

Эстрада жұлдыздары Жан Ахмадиевтің бейәдеп қылығына байланысты пікір білдірді

Майра Ілиясова Мейрамбектің туған күніне оққағарымен бірге келді (фото)

Айша: Бүркітті мүлдем қызғанбаймын. Оған толықтай сенемін

Асхат Садырбай Ерке Есмаханға жауап берді: Әркімнің өз ақиқаты бар

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
06.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар