Эстрада жұлдыздары Жан Ахмадиевтің бейәдеп қылығына байланысты пікір білдірді

Дүйсенбі, 14 Қараша , 2016 14:14

«Қазақпыз ғой» деп рэп айтып, өзін заманауи жырау санайтын Жан Ахмадиев жуырда елді бір шулатқан еді. Ол белгісіз біреудің ауласына қоқыс тастап, тәртіпке шақырған үй иесін балағаттады. Эстрада жұлдыздары өнердегі әріптестерінің бұл қылығы туралы пікір білдірді.

ахмадиев коллаж

Ахмадиевті дос санайтын әнші әрі композитор Нұрлан Еспанов ол туралы жағымсыз пікір айта алмайтынын жеткізді.

«Менің досым, мен оның үйіне барып, келіннің қолынан тамақ іштім. Ол туралы қалай айтамын, қанымда жоқ ондай нәрсе, олай істей алмаймын», – деді ашуға мінген Еспанов. Бұл туралы YouTube желісінде жарияланған журналистер даярлаған сюжетте айтылды.

Ал әнші Нұржан Керменбаев әріптесіне ондай оқиғалардан аулақ жүруге кеңес берді.

«Ол оқиға туралы әртүрлі нәрселер естідім. Біреу PR десе, біреу шындық деп айтты. Бірақ маған ондай дүниелер жат болып көрінеді. Өз басым ондай нәрсе жасамас едім. Жан бауырымызға да соны тілеймін. Қазақпыз деп ән шырқап жүргеннен кейін ондай дүниелерден аулақ болғаны дұрыс. Біздің өнердегі жүрісіміз бен өмірдегі жүрісіміз сәйкес келуі керек», – деп атап өтті ол.

Ал «Заман» тобының әншісі Ерген Айтымбетов Ахмадиевті екіжүзді деп атады.

«Құдай сақтасын екіжүзділіктен. Ұлтым де тудың ба, қазағым деп ән айттың ба, әркез қазағым деп жүр. Сол нәрсені ұстану керек», – деді ол.

Ғаділбек Жанай болса Жанды кінәлаудан аулақпын дейді.

«Қателеспейтін адам жоқ. Бәріміз де қателесеміз. Бауырымыздан қателік көрсек, оны өзіне барып айтқан дұрыс деп ойлаймын. Негізі адамның бәрі жақсы ғой, жаман адам емес, жаман қасиеті болады», – деп атап өтті Ғаділбек.

Әнші Зарина Омарова мұны жария етуге тұрмайтын дүние деп есептесе, жас әнші Қуандық Рахым Ахмадиевтің бұл қылығын PR-ға теңеді:

«Жан Ахмадиевқа қара PR қажет емес шығар. Менің көзқарасымда дұрыс жігіт. Бірақ сол әрекеті қара PR-ға ұқсайды».

Елді шулатқан видео тарап кеткеннен кейін Stan.kz тілшісі Ахмадиевтің өзіне хабарласқан еді. Сонда ол бұл оқиғаның жалған екенін, бар болғаны аталмыш видеоның болашақ бейнебаянның тизері екенін жайып салған-ды. Алайда журналистер даярлаған сюжетте Ахмадиев жасаған ісін мойнымен көтергенін, әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төлегенін өз аузымен айтты.

«Менің бір өлең шумағымда: «Бір қазақты 20 қазақ видеоға жазып таратып жүр, ұят қой, қайда кетті қазақ қаны?» – деген жолдар бар. Осы видеоны талқылаған бүкіл қазақ халқына айтқым келіп отыр. Ұят емес па? Қоқыс тастағаннан да ауыр қылмыстар жасаған адамдар миллион елімізде. Қыз зорлап жатыр, жезөкшелікпен айналысып жатыр, педофилдер бар. Солар туралы неге баяндамасқа? Неге соны талқыламасқа? Жоқ, менің бір бөтелке тастағанымды жыр қылып, апталап жариялап, арналардан көрсетіп жатыр. Менің ойымша, ол өте дұрыс емес нәрсе. Видеодағы жігітті бәрі орыс деп ойлайды. Ондай емес. Қазақты мазақ қылатын қазақ қана. Видеодағы жігіт қазақ, тек орыстанып кеткен қаланың баласы. Журналистер неге хабарласпайды пара алып отырған шенеуніктерге? Барсын да солардан сұрасын. Мен бір қоқыс тастап 7 мың теңге төлесем, олар 70 миллиондап алып жатыр ғой. Қазақты тонап жатыр. Неге солар туралы көрсетпеске? Бізде заңдылық па білмеймін, әлсіздерді шалуға тырысады көбінесе. Ал жоғарыдағыларға тиіспейді. Қазақта сөз бар «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» деген. Пенде болған соң сүрінесің. Ол адамның мінезіне, көңіл-күйіне байланысты болған жағдай. Сол жігіт мұны пайдаланып кетіп отыр. Сонымен қатар, күллі қазақ халқына «менің ісімнен үлгі алмаңздар, бұл іс қате, бұлай жасамаңыздар» деп айтар едім. Бұл жасаған ісім үшін мен заң алдында жауап беріп, айыппұл төледім», – деді Ахмадиев.

 

Жіберіп алмаңыз:

Майра Ілиясова Мейрамбектің туған күніне оққағарымен бірге келді (фото)

Айша: Бүркітті мүлдем қызғанбаймын. Оған толықтай сенемін

Асхат Садырбай Ерке Есмаханға жауап берді: Әркімнің өз ақиқаты бар

Ерке Есмахан: Ұлымды ойлағандықтан әкесіне қатысты көп жайтты жасырып қалдым

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар