Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас інілері мен жақындарына бір-бір үйден алып берген

Журналистердің дүние, мүлік, ақша туралы сұрақтарына Гүлзира Айдарбекова жауап бермейді. Себебі ақша туралы сөз қозғаса, ел продюсерді «мақтаншақ» деп сынайды екен.

18253217_702979156547742_8187928363218763776_n

Бұл туралы «Астана» арнасының «Сырласу» бағдарламасында айтылды.

«Шынымды айтқаным үшін халықтан ұрыс естимін», – дейді танымал продюсер.

Тележүргізуші Гүлзира Үсенқызынан осы күнге дейін Қайраттың қанша үй сыйлағанын сұрады. Алайда продюсер алғашқыда жауап беруден бас тартып, тіпті, қызбаланып кетті.

«Соны айтпай-ақ қояйыншы, біраз үй бар», – деп қысқа қайырды ол.

Алайда Әйгерім Сейфолланың: «Дегенмен, Қайраттың еңбегі ғой, ел білсін», – деген сөзінен кейін ғана Гүлзира Айдарбекова Қайраттың 5-6 үй алып бергенін мойындап қойды.

«Жеті қанатты ақ ордада тұрамын деп айтпаймын. Біз қарапайымбыз. Өзіміздің қарапайымдылығымызға лайықты үйде тұрамыз. Қазір енді неше түрлі заманауи үйлер шығып жатыр. Қайрат «өзімде болып тұрғанда ініме, жақындарыма алып қояйын» деп айтып жатады. Бәрі ер жетіп, келіншек алуға дайын отыр. Қайрат өзі сый ретінде інілеріне бір-бір үйден алып қойған», – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Айдарбековтер отбасы Қайрат мектеп бітіргеннен кейін Астанаға көшіп кеткен. Алайда Қайрат пен оның ата-анасы көбінесе Алматыдағы үйлерінде болады екен.

Жіберіп алмаңыз:

Бірнеше жол апатына түскен Қайрат Нұртастың өмірі қаншалықты сақтандырылған?

Еліміздегі ең сымбатты актер бойдақтық өмірімен қош айтыспақ

Әйгілі “Титаник” әнінің авторы Димашқа ерекше құттықтау жолдады (видео)

Димаш үшін арнайы тапсырыспен құлаққап жасалды (фото)

Талқылау