Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі ең сымбатты актер бойдақтық өмірімен қош айтыспақ

Еліміздегі ең сымбатты бойдақтардың бірі Асылхан Төлепов жақын арада отбасын құрады. Бұл туралы актердің ағасы Артур Төлепов «Әйел бақыты» бағдарламасында айтты.

18514015_715935511923840_219641659695038464_n

Өткен аптада желіде Артурдың сүйіктісіне ұсыныс жасағаны туралы ақпарат тарады. Желіде Артурдың Салтанат есімді бойжеткенге жүзік таққан сәттері тарап кетті. Одан кейін Артур бұл кадрлардың түсірілімнен алынғанын айтып, үйленбейтінін мәлімдеді. Есесіне ол өзінің туған інісі Асылханның шаңырақ көтеретінін айтып қалды.

«Үйленбеуімнің бір ғана себебі – сүйіктімді кездестірмедім. Тәжірибем көп емес. Асылхан үйленсе ештеңе етпейді. Жолымды беремін, арамыз бір-ақ жас. Өзім 1-2 жылдың ішінде үйленетін шығармын. Бұйырған күні…

Бойдақтық өмірден кішкене шаршадым. Құр жүрістен, бос жүрістен, киноға жалғыз барудан шаршадым», – дейді Артур.

Актер бірінші кезекте болашақ жарының тәрбиесіне баса мән беретінін айтты.

«Ата-анасы ажырасып кетсе, ол тағдыр. Дегенмен ауырлау сұрақ екен. Өзім әкенің, ананың тәрбиесін көрген қыз іздеудемін. Бірақ пешенемізге Алла Тағаланың не жазғанын білмейміз. Сондықтан «былай болсын» деп айтпай-ақ қояйын. Тағдырдың дегені болады. Бастысы – тәрбие», – деп ағынан жарылды актер.

Бұдан бөлек, Артур сүйіп қалған қызының жасына, ұлтына қарамайтынын айтты. Шын жақсы көрсе, тіпті, ажырасқан әрі балалы болса да маңызды емес екенін тілге тиек етті.

Жіберіп алмаңыз:

Актер Дәулет Бижанов не себепті үйленбей жүргенін айтты

Ақтөбедегі жастар сарайына Димаштың атын беру ұсынылды

Мақпал Жүнісова қызының соңғы қоңырауында ән айтып, жұртты билетіп жіберді (видео)

Әйгілі “Титаник” әнінің авторы Димашқа ерекше құттықтау жолдады (видео)

Талқылау