Қайрат Нұртас: Әйелімді қызғанамын, бірақ үйде отырғызып жылатып қойсаң не пайда?

Жұлдыз Әбдікәрімова өзін күйеуінің алдында ыңғайсыз сезініп жүр. Ол тележүргізушілікке бет бұрғалы отбасына уақытын бұрынғыдан аз бөлетін болған.

Қайрат Нұртас: Әйелімді қызғанамын, бірақ үйде отырғызып жылатып қойсаң не пайда?

Бұл туралы Stan.kz НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Бұрындары Қайратты кез-келген уақытта келгенде мен қарсы алып отырамын, есікті мен ашып отырамын. Енді қазір таңертең, кешке, түнде келсе күтіп аламын. 14.00-ден 17.00-ге дейін жұмыстамын. Сол кезде келіп қалса, күтіп ала алмай қалғанда, сондай бір сәт болып қалады. Мен жоқ болып қаламын. Сондай кезде қалжыңдап, тиісіп отырады”, – дейді Жұлдыз.

Бұған дейін жарын тек үйден көріп келген Қайрат енді Жұлдызды сырт көзден қызғануды шығарған. Әйткенмен қызғаныштың кесірінен жұбайының арманына балтар шабар ойы жоқ.

“Қызғаныш болады ғой енді еркек болған соң. Бірақ, қызғанғанмен не пайда үйде отырғызып жылатып қойсаң? Одан да жұмысын істесін, көрсін, білсін”, – дейді Қайрат.

Ал осыдан 11 жыл бұрын Айдарбековтерге келін болып түскен Жұлдыз былтыр алғаш рет елге сәлем берді. “Арман” кинокартинасы арқылы актрисалық қабілетін көрсетіп, бүгінде тележүргізуші ретінде де танылып жүр.

“Жұлдыздың да 10 жыл болды үйде жатқанына. Үйде отыра бермей, адамдармен араласу керек, сырласу керек демекші. Бірақ дұрысынан, оңынан. Мен өзімді Жұлдызды білемін қандай адам екенін. Ол өз-өзін әрқашанда дұрыс ұстайды”, – дейді Қайрат Нұртас.

“Жұмыстан тез-тез киімімді ауыстырып, тез үйге қарай жетуге тырысамын мен”, – дейді Жұлдыз.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар