Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатты таңғалдым: Заңгер Джохар Өтебеков Денис Теннің өліміне сот жүйесі кінәлі екенін айтты

Джохар Өтебеков Денис Теннің өліміне күдіктінің бірі Арман Құдайбергеновке 5 жыл бұрын шыққан сот үкімін естіп таңғалды, деп хабалайды Stan.kz.

Қатты таңғалдым: Заңгер Джохар Өтебеков Денис Теннің өліміне сот жүйесі кінәлі екенін айтты

Айта кетейік, полицейлердің мәліметінше, күдікті Құдайбегенов Дениске екі рет пышақ сұққан. Ол 2013 жылы тонау ісі бойынша сотталған. Алайда Өтебековтің пайымынша, ол түрмеде тонаушылық үшін емес, топтық  қарақшылық үшін 5 жыл отыруы тиіс еді.

«5 жыл бұрын Құдайбергенов Байқоңырда достарымен бірге жас жігіттің телефонын ұрлап алған. Жігітті өлімші етіп ұрып тастаған.

Сот-медициналық тексеру жәбірленушінің денсаулығына орташа ауыр деңгейде зақым келгенін жазады. (Негізінде бастың жарақат алғаны ауыр деңгейге жатады).

Орташа ауыр деңгейде зақым келгеннің өзінде 100 % қарақшылық екенін білдіреді. Қылмыстық кодекстің жеңіл жазасын қояды. Тіпті, жеңіл зақым келгеннін өзінде мұндай іс тонау емес, қарақшылық ретінде қаралады», – дейді заңгер парақшасында.

Топтық қарақшылық ісі үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Алайда Қызылорданың сот төрешісі Айбек Әбу істі тонаушылық деп танып, Құдайбергеновті босатып жіберген.

«Әбу олай етпегенде Дениске шабуылдаған ұры 6 жылға сотталатын еді», – дейді Өтебеков.

Өтебековтің айтуынша, сот төрешісі Айбек Әбудің лауазымын жоғарылатқан. Қазір ол Қызылорда қалалық екінші сотының төрағасы.

Айта кетейік, Денис Тен сенбі күні жер қойнына тапсырылды. Мәнерлеп сырғанаушымен қоштасу рәсімін мына жерден көре аласыздар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау