Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қатты сағынамын": Мәскеуде көз жұмған Томирис Байсафаның анасының жазбасы жұртты жылатты

Мәскеуде жоғары оқу орнының ғимаратының терезесінен құлап көз жұмған Томирис Байсафаның көз жұмғанына бүгін бір жыл толды. Марқұмның анасы желіде жантебірентерлік жазбасымен бөлісіп, қызын еске алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қатты сағынамын": Мәскеуде көз жұмған Томирис Байсафаның анасының жазбасы жұртты жылатты

«Томпиде (Томирис – ред.) барлығы Жаратушымен байланысты. Өткен жылы оның қырқы Айттың бірінші күніне сәйкес келген еді. Биыл ол қасиетті Рамазан айы мен оразаның есігін ашқалы тұр. 

Менің періштем. Менің өмірім. Мені ауам. Менің өмірімде болғаның үшін алғыс айтамын. Мені таңдағаның үшін рахмет. Сен кез келген ананың мақтанышысың. Маған келіп, 21 жыл бойы жаныңда болуыма рұқсат бергенің үшін рахмет. Сенің әр сөзің, әлемдегі ең керемет күлкің, иісің, шашың, даусың, қолыңды қимылдатқаның, алғашқы қадамың  және басқалары да, бәрі де есімде... Қатты сағынамын.

Сол жақта тыныш ұша бер. Мен сенің командаңмын. Ал команда сатқындық жасамайды. Мен қашанда сенімен біргемін. Қашанда күтемін. Сенің жол табатыныңды білемін...», - деп жазды Жанна Ахметова Instagram желісінде.

Марқұмның анасының жазбасы желі қолданушыларының көңілін босатты. Олар баласынан айырылған анаға басу айтып, игі тілектерін жаудырды.

«Жыламай оқи алмаймын. Көзіме еріксіз жас келеді. Иманды болсын», «Жаны жәннатта болсын. Өзіңіз бекем болыңыз!», «Иманды болсын! Томириссіз өткен бір жылда өмір сүруді қайта үйрендіңіз. Бұл өте ауыр, жаныңа батады. Бекем бол! Күш-қуат тілеймін», - деп жазды пікір қалдырушылар.

Еске сала кетейік, былтыр Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатынан құлап кеткен еді. Болжам бойынша, бойжеткен өзге оқу орнында оқитын, Дағыстан азаматымен сөзге келіп қалған. Екі жас ұзақ уақыт бойы кездесіп жүрген. Ауыр жарақатпен ауруханаға түскен қыз араға 20 күн салып көз жұмды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр