Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатерлі ісікке шалдыққан ер адам өліп бара жатып әмиянын ұрлаған ұрыға хат жазған

Венецияда демалып жатқан америкалық туристің қалтасына ұрып түсіп, әмиянын ұрлап кеткен. Артынша турист ұрыға хат жазған.

Қатерлі ісікке шалдыққан ер адам өліп бара жатып әмиянын ұрлаған ұрыға хат жазған

Бұл туралы La Nuova Venezia басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Майкл Вили есімді ер адамды өзен бетімен жүретін венециялық трамвайлардың бірінде тонап кеткен. Өз кезегінде ол полицияға жүгініп, хат қалдырған. Сондай-ақ, ол полициядан өз хатын таратуын сұрапты.

«Мен қатерлі ісіктің кесірінен өліп барамын. Сен мені ақшасыз және картасыз қалдырдың. Бұл әрекетің үшін құрбаныңның қалай зиян шеккенін елестетіп көрші. Мен сен үшін кешірім сұрап, дұға жасадым. Сен үшін дұғада боламын. Сенің әрекетің үшін жазықсыз адамдар зардап шегуде. Бұл күнәңнан арыл. Мен сені кешіремін», – деп жазған ер адам.

Сонымен қатар хатта ер адам Венецияға сапары «әйелімен бірге барған соңғы саяхаты» екенін жазған.

Өз кезегінде туристің хатын жариялаған басылым Вилидің әмиянын тауып алғандардан  оны полиция бөлімшесіне алып келуін сұрады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау