Қатерлі ісікке шалдыққан 4 жасар бала анасын күтіп жатып көз жұмды (фото)

Сенбі, 15 Сәуір , 2017 21:27

Әйел қатерлі ісіктен қайтыс болған 4 жасар баласының суретін жариялап желі қолданушыларының жанын сыздатты.

950x0-(3)

“Мен сені аспаннан тауып аламын, сен сол жаққа көтерілгенше мен ойнай тұрамын”, – депті баласы Нолан Скалли өлерінің алдында.

Нолан Скалли ақпан айында сирек кездесетін рак ауруына шалдығып көз жұмған. Қайғылы оқиғадан соң екі айдан кейін анасы желіде ұлының соңғы суреттерін жариялады. Онда баланың соңғы сәтке дейін үмітпен өмір сүргенін байқауға болады.

950x0-(1)

Тексеруден кейін дәрігерлер қолдарынан енді артық ештеңе келмейтіндерін айтады. Ал Нолан соңғы күндерін YouTube қарап, компьютер ойындарын ойнап өткізген. Сондай-ақ, ол өлімге мойынсұнып, өзінің табытын кімдер алып жүретінін де ойластырып, өзін полицей ретінде есте сақтауларын өтініпті.

950x0-(2)

4 ақпан күні сағат 21:00 кезінде анасы баласының палатасында душ қабылдамақшы болады. Анасымен бірге ваннаға кіре алмаған Нолан, көзін есіктен алмаған күйі кілемшенің үстінде жатады. “Олардың айтуынша душтың есігі жабылған кезде ол да көзін жұмып, мәңгілік ұйқыға кетіпті”, – дейді Скалли.

950x0

Анасы душтан шыға салысымен ұлына жүгіріп барады.

“Осы кезде нағыз ғажайып болды. Мен оны өмір бойы ұмытпаймын. Ол көзін ашты да, маған қарап күліп, “Мен сені сүйемін, анашым” деді” деп жазады анасы.

“Қазір мен душ қабылдауға қорқамын. Енді тек бір кездері кішкентай бала анасын күтіп үстіне жатқан кілемше ғана бар”, – дейді Скалли.

Оқи отырыңыз:

Салмағы 17 келі тартатын 8 айлық қыз дәрігерлер үшін жұмбаққа айналды (фото, видео)

АҚШ-та YouTube арқылы көлік айдауды үйренген бала үш шақырымды жүріп өткен

82 жастағы Жапония азаматы түнгі клубта диджей болып жұмыс істейді

Ғалымдар: Мектептердегі тегін таңғы ас баланың оқу үлгерімін арттырады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар