Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар қатерлі ісіктің пайда болу себебін анықтады

Ғалымдар қатерлі ісіктің пайда болу себебін анықтады. Осы туралы Дания және Шотландия университетінің ғалымдары Proceedings of the National Academy of Sciences журналына зерттеу нәтижесін жариялады.

Ғалымдар қатерлі ісіктің пайда болу себебін анықтады

Бұл туралы MedicalXpress жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Зерттеу нәтижесінде қатерлі ісіктің пайда болу себебі: иммундық жүйенің қартаюынан.

Ғалымдардың бұл қорытындысы ауруды емдеудің және алдын алудың жаңа жолдарын ойлап табуға көмектеседі.

Қатерлі ісіктің өсуі адам жасына тікелей байланысты екені белгілі болды. Уақыт өте келе барлық ақаулар ДНҚ-да жиналып, жас ұлғайғанда ауру өрши түседі.

5 немесе 6 мутациядан кейін онкологиялық аурулар асқынады.

Зерттеушілер 18-ден 70 жасқа дейінгі адамдардың екі миллионға жуық қатерлі ісік түріне талдау жасады.

Иммундық жүйенің қартаюының басты себебі – тимустың (тримус безінің) бұзылуы – Т-жасушаларының пісіп жетілетін мүшесі. Әр 16 жыл сайын адамның тимус көлемі кішірейеді.

Тағы оқыңыз:

Қауіпті гинекологиялық ауруларды алдын алудың жолы қандай

Ұйқы қандырудың денсаулық үшін маңызы қандай 

 

Талқылау