Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Каталония басшысы тәуелсіздік туралы декларацияға қол қойды

Каталония үкіметінің төрағасы Карлес Пучдемон, оның орынбасары Ориол Жункарес және парламент спикері Карме Форкадель тәуелсіздік туралы декларацияға қол қойды.

Бұл туралы 24horas.cl хабарлайды.

Құжатқа сондай-ақ, тәуелсіздік алуды қолдайтын партия депутаттары да қол қойған. Парламентте сөз сөйлеген Пучдемон 1 қазанда болған дауыс беру нәтижесі тәуелсіз мемлекеттің пайда болғанын жариялауға құқық береді деді. Ал Испания үкіметі болса Каталония басшысының бұл мәлімдемесіне қарсылық білдірді.

“Женералитет төрағасы Карлес Пучдемон жағдайды ең жоғарғы деңгейдегі тұрақсыздыққа дейін жеткізді. Оның сөзі – қайда екенін, кіммен екенін, қайда бару керектігін білмейтін адамның сөзі. Каталонияның референдум туралы заңының заңдылығын үкімет мойындамайды. Бұл мойындамау конституциялық сот арқылы қабылданып отыр. Женералитет 1 қазандағы нәтижені қабылдай алмайды, себебі ол минималды кепілдік жағдайында заңсыз әрекет болды”, – деді Испания үкіметі басшысының орынбасары Сорайя Саэнс де Сантамария.

Ол каталониялықтардың көбісінің республика формасындағы тәуелсіз мемлекетті қаламайтынын айтты. Оның сөзінше 11 қазанда Испания министрлер кеңесінің шұғыл жиналысы өтпек.

Тағы да оқыңыз:

Ұшақ үйдің үстіне құлап, үш адам қаза болды

АҚШ-та 12 жастағы қызды зорлаған педофил оны қамқорлыққа алу құқығына ие болды

Джеки Чанның қызы гомосексуал екенін мойындады

Талқылау