«Каспий банктің» күзетшісі қарақшылармен бірге 4 млн теңге ақша ұрлаған

Жұма, 13 Қазан , 2017 7:13

Түркістанда банк ғимаратынан 4 млн теңге ұрлағандар ұсталды. Күдіктілер бұл қылмысқа бір айға жуық дайындалыпты. Бұл туралы қала прокуроры Руслан Әбдірайымов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белгілі болғандай, банкті тонау қылмысы 8 қыркүйекте жасалды. Түнгі уақытта Тәукеxан көшесінің бойындағы  банктің ғимаратындағы терминалдан белгісіз біреулер 4 млн теңгеге жуық қаржыны ұрланып, ізін суытқан болатын. Оқиға орнына жеткен полицейлер осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188 «Ұрлық» бабы 4-бөлігімен іс қозғаған болатын. Жедел іздестіру нәтижесімен осы қылмысқа қатысы бар деген екі күдікті ұсталды.

«Оның біреуі «Каспий банкте» күзетші болып істеген 1970 ж.т. “М” есімді тұрғын болса, екіншісі 1988 ж.т. “Б” есімді ХҚТУ-де электрик болып істейтін сезікті екені анықталды. Күзетші жауап беру барысында ұрланған қаржыдан өзіне бөліп алған соманың 2 млн теңгесін тергеу органына өз еркімен қайтарған. Кінәсін мойындап өкінгенін, бұрын сотты болмағанын және денсаулық жағдайы ескеріліп, қамаққа алынбады. Ал екінші күдікті келтірген шығынды қайтармағаны және қылмысты жасағандағы атқарған рөлін ескере отырып, қамаққа алынды», – дейді қала прокуроры.

Айта кетейік, егер сезітілердің қылмысы толығымен дәлелденсе, олар аталған баппен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу және мүліктері тәркіленуі мүмкін.

Тағы да оқыңыз:

Теміртаудағы металлургиялық комбинатта газ жарылысынан 6 адам зардап шекті

Теміртауда ер адам 2 жасар қызын жауыздықпен өлтірді деген күдікке ілінді

Алматыда ер адам тамағы орылып қансырап жатқанда өзін емханаға жеткізген джиптегі үш жігітті іздеуде (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар