Қаскөйдің өлер алдындағы соңғы тілегі: Саңырауқұлақ қосылған бургер мен 1 келі балмұздақ

Бейсенбі, 14 Қыркүйек , 2017 12:47

45 жастағы Гэри Отте 1992 жылы Кливленд қалашығында екі адамды өлтірді. Ол кезде жасы 21-ге де толмаған қаскөй ізін суытып үлгерген. Полиция адам өлтірген қылмыскерді ұзақ жылдар бойы таба алмады.

ZIEWwE8l

Бұл туралы шетелдік Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жуырда қолға түскен қаскөй өлім жазасына кесіліп, тағдырластары жатқан түрмеге дарға асылуына 24 сағат қалғанда жеткізілді.

Қылмыскер өмірінің соңғы күнін жақындарымен бірге өткізуге және түскі асқа қалаған тағамына тапсырыс беруге мүмкіндік алды.

Гэри саңырауқұлақ және швейцариялық ірімшік қосылған гамбургерге, балмұздақ пен банан қосылған бәлішке тапсырыс берген.

Ал қылмысқа Гэри ақша үшін барған. 1992 жылдың 2 ақпанында ол 61 жастағы Роберт Васиковскиден әлдебіреуге қоңырау шалуға телефонын сұрап, артынша ардагердің басынан оқ атып, оның бар ақшасын ұрлап кеткен. Келесі күні қаскөй 45 жастағы Шарон Костурдың пәтеріне кіріп, оны да өлтіріп, тонап кеткен.

Араға бірнеше жыл салып ұсталған Гэри соттан өзін өлтірмеуді өтінген. Ол қылмыс жасаған уақытта тым жас болғанын айтып, рақымшылдық жасауды сұраған. Алайда қылмыскердің арызы кері қайтарылды.

“Мен нашақор болдым. Кокаинге әуес болып, соның кесірінен кейін түрмеге отырдым. Мен өз іс әрекетіме жауап беремін. Құдайға сене бастағанымның арқасында қорқынышымды жеңдім», – дейді Гэри Отте.

Жіберіп алмаңыз:

Ұлыбританияда көз жұмған 13 жастағы қыз 8 адамның өмірін құтқарды

Бельгиялық тыржалаңаш модель ғибадатхана ішінде суретке түскені үшін түрмеге жабылды

Қасиетті мекенде қанша қажының сүйегі қалғаны белгілі болды

Қырғызстанда орыс тілін мемлекеттік тіл қылу ұсынылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар