Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбританияда көз жұмған 13 жастағы қыз 8 адамның өмірін құтқарды

Ұлыбританияда көз жұмған 13 жастағы Джемайма Лайзелл хәл үстінде жатқан 8 адамның өмірін құтқарды.

59b11fd21b000028005b4ec3

Фото: huffingtonpost.co.uk

Бұл туралы BBC News хабарлайды.

Джемайма Лайзелл 2012 жылы бас ми тамырының жарылуынан көз жұмған. Жағдайы нашарлаған кезде оны Бристоль қаласындағы ауруханаға жеткізеді, бірақ дәрігерлер оны құтқара алмаған. Қыз төрт күннен соң қайтыс болады.

Оның жүрегін, ішегін, ұйқы безін ауру адамдарға салған. Ал бауыры екіге бөлініп, екі ауруға трансплантацияланған. Оның бүйрегі де екі адамға ем болыпты.

Британ денсаулық сақтау қызметінің мәліметінше, Лайзелл – осыншама адамға көмектескен елдегі алғашқы ағза доноры. Бас ми тамырларының кеңейіп кетуі миға қан құйылуға соқтырады. Бұл көп ретте өлімге немесе ауыр жүйке ауруына әкеледі.

Оқи отырыңыз:

Түркия президентінің әйелі қарапайым қазақ әжейдің қолын сүйіп, құрмет көрсетті

Тәжік университеті жақсы оқитын студенттердің үйлену тойын өткізіп береді

101 жастағы педофил өзі зорлаған әйелге 32 мың доллар төлейтін болды

Қырғызстанда 13 жастағы қызды зорламақ болған 66 жастағы ер адам ұсталды

Талқылау