Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Каскелеңде Бақытбек Есентаевтың ісі бойынша басты сот отырысы басталды

Қаскелеңде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Бақытбек Есентаев ісі бойынша бас сот отырысы басталды. Сотқа айыпталушының туыстары келді. Ал Баян Есентаеваның өзі сотқа тағы да келмеді.

image

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

“Тараптардың өкілдері келген соң сот залында алқа билер іріктеледі”, – деп атап өтті айыпталушының қорғаушы Бекболат Жексейітов.

Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.

Қазір Бақытбек Есентаев тергеу изоляторында. Оның әрекетіне қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталып кеткен. Оған “Өлтіруге әрекеттенді” деген қылмыстық кодекстің бабы негізінде айып тағылуда. 3 тамыз күні Баян Есентаеваның күйеуінің қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылған еді.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева “шымкентше” сәлем салды (фото, видео)

Баян Есентаева Үндістан ауруханасында ауыр хәлде жатқан қазақстандықтарға қолдау білдірді

Баян Есентаева жұрт алдына көзілдіріксіз шықты (фото)

Есентаева «Қазақстан аруы» байқауының ұйымдастырушыларын айыптады

Талқылау