Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкер Қайрат Құдайберген: Байзақованы жамандап жатқан еркектер, сендер шірік, сорлы адамсыңдар

Қайрат Құдайберген Айжан Байзақованың жүктілігіне қатысты ойын айтты. Бойжеткенді жамандағандарға ренішін білдірді.

Айжан Байзақованың жүктілігі туралы жаңалық кешелі бері желіде жариялана бастады. Кәсіпкер бұған сын айтты.

“Айжан Байзақова жүкті екен деген жаңалық кешеден бері жария болды. Доллар курсы емес, дизель бағасы емес, 5 қазақстандық азаматтың силикон алқабына іс-тәжірибеге кеткені де сөз болған жоқ. Инстаграмды құрған Кевин Систром мен Майк Кригердің Facebook пен Instagram-нан кеткені де журналистерге Байзақованың жүктілігіндей қызық болмады. Сорақысы – бұл хайп тағы да қоғамды екі топқа бөлді, Айжанды жақтаушылар мен даттаушылар пайда болды, – дейді кәсіпкер.

Кәсіпкер Байзақоваға сын айтып жатқан ер азаматтарға ескерту жасап, өздеріне мін тақты.

“Желі қолданушылары арасында “салдақы, кімнен туатынын да білмейді”, “Әкесі кім? Кезекке тұр” деп жазған азаматтар, сендер шірік, сорлы адамсыңдар. Байзақова өзін қалай ұстайды, өзінің мәселесі. Ал, әлі өмірге келмеген бала жайлы осылай айту төмендіктің белгісі.

“Қазақтар, қазақстандықтар, бауырлар, кез келген жағдайда адам болып қалайықшы. Әйелдердің деңгейіне түспейікші. Біздің тәртібімізден дәрежеміз көрінеді емес пе? Екі аяқтың ортасындағы мүшелеріңіз сіздердің еркек екендеріңізді білдірмейді. Соны есте ұстаңыздар”, – дейді Қайрат Құдайберген желіде.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау