Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарттар үйіндегі әжей: Келінім алтын сырғама дейін шешіп алып, 5 ай бойы қамап ұстады

Қазынасындай қадірлеуі тиіс қариясына қол көтеретіндер неге көбейіп кетті? Басқа емес, бауыр еті баласынан таяқ жейтін қарттарды кім қорғайды? Жекеменшік қарттар үйін жағалайтындар кім?

20170601193222

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Әжібек Молдабаева. 75 жаста. 10 баланың анасы. Ақтөбе облысы,  Хромтау ауданына қарасты,  Табантал деген ауылда тұрған екен. Бірақ кенже ұлымнан зәбір көрдім деп, Ақтөбедегі қызының қолына қашып келіпті. Айтуынша, осы күнге дейін зейнетақысын алып келген келін-баласы, ауылдағы үйін де  өз аттарына аударып алған көрінеді. Енді ай сайын алып отырған ақшадан айырылып қалғандар, аналарын қызының үйінен алып қашып кетпекке, аңдып жүрген көрінеді.

“Алып кетем мен, қапшыққа салып деп мені. Зәрем ұшады, мыналарға айтам, мені кілттеп кетіңдер деп. Алла сақтасын, мынау нағыз бандит болды ғой мынау”, – дейді зейнеткер Әжібек Солдабаева.

Қазірдің өзінде далаға шығудан қорқып қалған Әжібек әже, кенжесінің қолында өмір сүрген қиын күндерін қайталағысы жоқ. Айтуынша, келін-баласы бес ай бойы бір бөлмеге қамап, ешкіммен тілдестірмей де қойған. Тамақ бермей, құлауға шақ қалғанда ғана аздаған макарон беріп, есін жидырып алады екен. Үйін де зейнетақы көбейеді деп алдап, бір құжаттарға қол қойғызып алған дейді. Енді әжейдің жалғыз тілегі , үй соларда қалса да, менен аулақ жүрсе дейді.

“Мына құлағымдағы сырғама дейін алып алды. Артынан қызым әкеліп, оны түнде құлағымнан шешіп алды келінім”, – дейді зейнеткер Әжібек Молдабаева.

20170601193222

Ал, Алматыдағы қарттар үйінің тұрғыны Айып Байғұлов болса, туған қызы мен күйеу баласынан таяқ жеп, үйінен қашып, қарттар үйінен пана тапқанын айтады. Қарияның сөзінше, зейнеткердің ақшасымен күн көрген қыз-күйеу балаға, бұл кісінің “өз күнімді өзім көрейін” деген сөзі жақпаған. “Күйеу балам бес сағат бойы ұрды” дейді Айып ата. Сондай-ақ, тісін жөндетуге зейнетақымды жұмсаймын деген сөзі үшін де, соққыға жығылыпты.

“Күйеу бала екеуі жабылып, соқты ғой. Ол кезде мен пенсияға шықтым ғой. Шалмын, тістің бәрі түсіп қалды. Қол қоям қағазға, қызым алады ақшаны”, – дейді ардагерлер үйінің тұрғыны Айып Байғұлов.

Ал Жүсіп Бигелов қазір облыстық жедел жәрдем ауруханасында жатыр. Зейнеткерлік демалысқа шыққаннан кейін шағын автобус алып, ауыл арасына жолаушыларды тасып жүрген. Айтуынша, таяуда көрші ауылға футболдан жарысқа апарып келуді өтінген азамат өзін соққыға жыққан көрінеді.

“Көзімді ашсам, енді ұрайын деп келе жатыр. Енді бір ұрса, өліп қалам”, – дейді зейнеткер Жүсіп Бигелов.

Ал, жақын күндері ғаламторда пайда болған мына кадрларда әкесімен жасты адамды аяусыз соққыға жыққан азамат ұсталды. Қазір қарт адамды ұрып-соғу дерегіне қатысты “Бұзақылық” бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр екен. Бірақ әзірге  жәбірленушіден арыз түспепті. “Жақынынан зәбір көргендер бізге де жиі келеді” дейді қарттар мен мүгедектерге арналған жекеменшік пансионат жетекшісі Галина Бурматова.

“Жақындары бас тартқан он шақты қария бар. Ол кісілерге көмек тегін көрсетіледі. Жалпы, біздің пансионатта 40-қа жуық қарт тұрады. Басым бөлігінің күтімі үшін, балалары қаражат төлейді. Біз ол кісілерді демеушілер дейміз. Альсгеймер синдромы мен паркинсон ауруына шалдыққандар және инсульттан соң, жүре алмай қалған науқастар да бар”, – дейді қарттар мен мүгедектерге арналған пансионат жетекшісі Галина Бурматова.

Қарттармен жиі жұмыс істейтін  Галина Бурматова, “Өмір-бумеранг секілді. Бір кездері жұмыс деп жүгіріп, баласына дұрыс тәрбие бере алмағандар, қартайған шағында қараусыз қалып жатады”  дейді. Қазір бұл жекеменшік пансионатта тұрып жатқан қарттардың басым бөлігі – бір кездері өздерін түрлі салада дәлелдеген интелигент азаматтар екен.

“Альсгеймер ауруын айтады ғой, интелегентті адамдардың ауруы деп. Сондықтан біздің пансионатта бірді-екілі болмаса, басым бөлігі дәрігерлер, бухгалтер, әкімшілік қызметкерлері”, – дейді Қарттар мен мүгедектерге арналған пансионат жетекшісі Галина Бурматова.

Қарттар үйлерінде жатқан зейнеткерлердің басым бөлігі бір кездері қызметте болған адамдар екен. “Балаңызды алтынмен аптап, күміспен күптесеңіз де ол барлық пен байлық – балаңыздың маңдайынан сүйіп, “балапаным” деген ықыласыңыздың орнын баса алмасы анық. Ата-анасы бақытты болса, баласы да бақытты”.  Бала тәрбиесі туралы жіті зерттеп жүрген шетелдік ғалымдардың пікірі бұл. Қазақ мұны “ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің” деп бір ақ ауыз сөзбен  түйіндей салған. Бірақ бұл – бүгінгі кейіпкерлердің барлығы бірдей баласына дұрыс тәрбие бере алмады деген сөз емес. Бір нәрсе анық -жақынына жаны ашымаған адам, қоғам үшін де аса қауіпті. Бүгінге айтпағым осы.

Тағы да оқыңыз:

Елдос Сметов пен Зульфия Ғабидуллинаға пәтер кілті табысталды (фото)

Меруерт Өтекешова: Жаманқұловпен бірге оқығаныма ұяламын деп айтуымның өз себебі бар

Отбасылы актермен көңіл қосқан KeshYou тобының экс әншісі босанды

Талқылау