Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаршыға тірі жыланды демалып жатқан адамдардың үстіне тастап кетті (видео)

Австралияның Мельбурн саябағында тырнағымен жыланды іліп ұшып бара жатқан қаршыға жыланды адамдардың үстінен тастай салды.

Безымянный

Видео авторы Дуглас Вон отбасымен бірге көкке шыққанын айтады. Әлдекім оған ұшып бара жатқан қаршығаны көрсеткен. Вон осы сәтті видеоға түсіріп тұрған. Қаршыға олардың төбесінен ұшып бара жатқанда өзі алып ұшып бара жатқан жыланды тастап жіберді. Құстың әдейі солай жасағына, әлде кездейсоқ болғаны белгісіз.

Жарияланғанынан бері аз уақыт ішінде бірнеше лайк жинап үлгерген видеоға кейбір желі қолданушылары сенбестік білдіруде. Олар көлеңкенің дұрыс түспей тұрғанын және жыланның өте жылдам қозғалатынын бейне қолдан жасалған деп есептейді. Алайда, Вон бәріне телефондағы түпнұсқаны көрсетуге дайын екенін айтады.

Жіберіп алмаңыз:

Кальян ыдысына жылан салып шеккендер жұрттың наразылығын тудырды (видео)

Қазақстандық емші жылан мен кірпі сорпасын беріп науқастарды емдеп жүр (видео)

Актриса Динара Бақтыбаева жыланмен бірге фотосессия жасады (фото, видео)

Талқылау