Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қараудың өзі қорқынышты еді: Ауруханада жатқан жігіт Денис Теннің өмірінің соңғы сәттері туралы айтып берді

Интернет-маркетолог болып жұмыс істейтін Назым Юнусов қайғылы оқиға орын алған 19 шілде күні қалалық №12 аурухананың қабылдау бөлмесінде жатқан. Ол өзінен бір метр қашық жерде дәрігерлердің Денис Теннің өмірін аман алып қалу үшін күрескені туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қараудың өзі қорқынышты еді: Ауруханада жатқан жігіт Денис Теннің өмірінің соңғы сәттері туралы айтып берді

Өз сөзінде Назым Юнусов тоққа түсіп қалып, салдарынан ауруханаға түсіп қалғанын айтты. Біраз уақыттан кейін ол жатқан қабылдау бөлмесіне Денис Тенді алып келген.

«Сол кезде бір пациентті алып келді. Жанында көп дәрігер жүгіріп жүр. Басымды бұрып қарағаным сол еді, қансыраған аяғын көрдім. Бірден басымды басқа жаққа бұрып алдым. Қараудың өзі өте қорқынышты еді», – деп жазды Назым Юнусов Instagram желісіндегі парақшасында.

Мұнан кейін Назым Юнусов зардап шеккен пациент жаққа қарауға қорқып, төбеге қарап жатқан. Осы кезде қансырап жатқан пациенттің Олимпиада ойындарының жүлдегері екенін естіпті.

«Менің Олимпиадада чемпион атанған досым бар. Сондықтан қорыққаныма қарамастан, қайтадан қансырап жатқан пациентке қарадым. Сол кезде менен бір метр ғана қашық жерде жатқан Денисті көрдім», – дейді Назым Юнусов.

Назымның сөзінше, дәрігерлер Денистің өмірін аман алып қалу үшін бар күшін салған.

«Дәрігерлер оны құтқарып қалу үшін бәрін жасағанына сенімдімін. Тым болмағанда, өзіме солай көрінді. Оның жанында өте көп дәрігер жүгіріп жүрген еді», – дейді ол.

 

Офис. Подключал оборудование. Удар током. Сильная боль по всему телу. Звон в ушах. Отключаюсь на несколько секунд. Очухался. Шоковое состояние. Через 10 минут сильная боль в сердце. Тяжело дышать. Скорая. Приемный покой 12 больницы. На каталках везут по всем врачам, поставили капельницу, лежу. Скорая доставляет разных пациентов. Тут завозят одного пациента, куча врачей рядом, только повернул взгляд, увидел ноги в крови, отвернулся, страшно было смотреть, очень. Ситуация для меня была настолько жуткая, что я просто в ступоре смотрел на потолок. Далее сквозь шум и крики слышу слова это олимпийский чемпион, у меня есть друг олимпийский чемпион и поэтому я сквозь страх снова направил свой взгляд в ту сторону. И увидел…Дениса, буквально в метре от меня. Не знаю даже как описать ощущения что были в тот момент. Я не был с ним знаком, но слышал очень много приятных слов о нем. Причем всегда. Я могу с уверенностью заявить что врачи делали всё что могли, по крайней мере на мой взгляд. Их было просто огромное количество. Хочу выразить глубокие соболезнования родным и близким Дениса. В столь юном возрасте он сделал колоссальные достижения для целой страны. Мы никогда не задумываемся о смерти, потому что думать об этом уже невероятно страшно. Но и порой не ценим свою жизнь. А ведь она может оборваться в любую секунду. Берегите себя и своих близких, друзья.

Публикация от Nazim Yunusov (@yunusovn)

Айта кетейік, 19 шілде күні Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді белгісіз біреулер пышақтап кетті. Спортшыны кімнің жарақаттағаны анықталды. Артынша оның қайтыс болғаны ресми түрде хабарланды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау