Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарапайым есепке көпшіліктің басы қатты. Сіз шығара аласыз ба?

Бастауыш сынып оқушыларына арналған қарапайым математикалық тапсырма интернет қолданушыларының басын қатырды.

8336565

Сурет РИА Новости

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Аталған есепті шешу үшін арнайы білім де қажет емес екен. Тек қосу, көбейту, бөлуді білсе жетіп жатыр. Дегенмен, осы есепті  Жапония  халқының  60 пайызы  ғана шеше алған.

Тапсырма:
9 – 3: 1/3 + 1 =?

Бұл жерде “1/3” бөлшек сан, яғни, 1 – алым, 3 – бөлім.

Осы тапсырманы шешуге талпынғандардың көпшілігінің ұрынған қиындығы есепті шешу жолын жүйелі орындамаудан шыққан. Алғашқыда бөлуді орындау керек. Үшті үштен бірге бөлгенде тоғыз шығады. Демек, бұл ретте математикалық шешім (9 – 9 + 1) осылай өрбуі тиіс. Яғни, жауабы 1 болуы қажет.

Талқылау