Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Азалы күні туған күнін тойлаған Баян Алагөзова елдің ашуына тиді (фото)

Жақсылықтың ерте кеші жоқ. Күні кеше туған күнін дүркіретіп атап өткен Баян Алагөзованың ұстанымы осындай. Қаңтар айының 9-шы жұлдызында дүниеге келген белгілі продюсер меншікті мерекесін ақпан айында тойлауды жөн көрген, деп хабарлайды Stan.kz.

Баян Алагөзова 1 айдан кейін туған күнін тойлады

45 жасқа толған Алагөзова әріптестерінің басын қосып, күні кеше “Баянка ягодка опять” атты кеш өткізді. Бір оқпен екі қоянды атуды көздесе керек, Мақсатқызы бұл кеште КешYou тобының жаңа құрамын көпшілікке таныстырды.

Қаралы күні туған күнін тойлаған Баян Алагөзова елдің ашуына тиді (фото)

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Аааал, қабыл алыңыздар – “КешYOU” тобының жаңа құрамы! #keshyou #кешью #кешyou #новыйсостав

Публикация от #КешYOU тобы (@keshyou_official)

Баян Алагөзованың туған күніне Аша Матайдан бастап, Айнұр Тұрсынбаева, Динара Сәтжан, Аида Кауменова, Ерік Тәстембеков сынды шоу-бизнес өкілдері қатысты.

Өнер жұлдыздарының көпшілігі Астанадағы қайғылы оқиғаны ескерсе керек, аталған кештен фото-видео жариялаудан тайсалып қалды. Әйткенмен көпшілігі Instagram-Stories-те туған күнде түскен көріністерді жариялады. Мұны көрген жұрт ел аза тұтып отырған күні, әрі бір ай бұрын өтіп кеткен туған күнін тойлаған Баян Мақсатқызын сынға алды.

“Бұның туған күні өтіп кеткен жоқ па еді? Бүгінгі қаралы күнде тойлау міндетті емес шығар? Иә, біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді”, “Сендерге сот жоқ екен”, “Мына Аида әбден ұяттан безген екен. Жырбыңдамай, осы суретті салмай тұра тұрсаң болмай ма? Үш күндей шыдауға болушы еді”, – деп жазды желі қолданушылары.

Қаралы күні туған күнін тойлаған Баян Алагөзова елдің ашуына тиді (фото)

Қаралы күні туған күнін тойлаған Баян Алагөзова елдің ашуына тиді (фото)

Қаралы күні туған күнін тойлаған Баян Алагөзова елдің ашуына тиді (фото)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр