Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат Әбілдина той жасамақ болғанда анасы ауруханаға түсіп қалды

Төрт ұлдан кейін қызды болған Қыдырәлі мен Қарақат жуырда дүркіретіп той жасамақшы. Жұлдызды жанұя Аяла ханшайымның 1 жасын атап өтіп, тұсауын кестірмек ниетте, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қарақат Әбілдина

Алайда тойға дайындалып жүрген шақта Қарақаттың анасы ауруханаға түсіп қалған.

“Бұйырса мамырдың 15 -күні менің ботақаным 1-жасқа толады.Үлкендерден бата аласақ деген ниеттеміз. Үлкен демекші қызымның нағашы әжесі сырқаттанып ауруxанаға жатып қалған еді, Алла дертіне шипасын беріп қуанышымыздың ортасында болса екен деп,тілеуін тілеп отырмыз. ИншАллах дұға тілектеріміз қабыл болсын! Баршамызға жақсы амал жасауды нәсіп етсін.

Ақ жаулықты аналар қауымына дұға жасап жатсаңызар менің анам Қаламқасты да қосып қойсаңыздар деген өтінішім де бар.. Мұсылманның мұсылманға жасаған дұғасы қашанда қабыл болады ғой ин ша Алла! Бауырымыз бүтін, деніміз сау, жақындарымыз аман болсын!” – деп бөлісті Қарақат желідегі парақшасында.

Желі оқырмандары әншінің анасына тезірек жазылып кетуін тіледі. Көп ұзамай Қарақат қуанышты хабармен жанкүйерлерін қуантты.

“Аллаға шүкір, анамыз басын көтерді. Барша тілектес болған жандарға ризашылығымды білдіремін”, – деді ол.

Қарақат Әбілдина той жасамақ болғанда анасы ауруханаға түсіп қалды

Айта кетейік, Қарақат былтырғы жылы, мамырдың 15-і күні бесінші сәбиін дүниеге әкелген болатын.

Тағы оқыңыз: 

Ең сұлу: Аша Матай мен Қарлығаш Мұхамеджанованы шаң қаптырған актриса кім

Қазақ қызы Қайрат Нұртастың хит әнін орысшаға аударып, клип түсірді (видео)

Қызынан жас көрінеді: Аиша анасының суретін жариялап, желіні шулатты (фото)

Алтынай Жорабаева ән жазып, композитор атанды (видео)

Талқылау