Алтынай Жорабаева ән жазып, композитор атанды (видео)
Әдетте музыка жазуға әуес жандар әншілікті қосымша алып жүреді. Алайда бұл жолы керісінше! Талай жыл қазақ сахнасында өнер көрсетіп, еліміздің Еңбек сіңірген қайраткері атанған Алтынай Жорабаеваның сазгерлік қабілеті енді ояна бастағандай.

Әнші халыққа композитор ретіндегі алғашқы туындысын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Сазгер Жорабаеваның тырнақалды туындысы тұсаукесер тойына арналып жазылған.
“Құрметті менің сүйікті тыңдармандарым, оқырмандарым! Менің жүрегімнен шыққан әнді қабыл алыңыздар. Сөзі халықтыкі. Бүлдіршіндерінің тұсауын кесіп беруімді өтінгеннен кейін, осы “Қаз-қаз” баламды оқып отырып, еріксіз осы ән аузыма келе бергеннен кейін, жазуға тура келді. Әмина деген ботақанның тұсауын кесу бақыты бұйырған сәттен. Сұмдық болып, композитор болып кетпесем болды енді. Қатты сынамаңыздаршы. Өзім толқып кеттім”, – дейді Жорабаева.
Тағы оқыңыз:
Асанәлі Әшімов жас әйелімен атақты Канн фестивалінде қызыл кілеммен жүріп өтті
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады