Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат Әбілдина бір кездері өзін кемсіткен қыздар туралы айтып берді

Қарақат Қыдырәлімен алғаш отасқан жылдары қандай қиындықтарды бастан кешіргенін айтып берді. Күйеуінің жанкүйерлері оған күн көрсетпей, түрлі жағымсыз сөздер айтқан екен.

15802985_1329736090434516_3273138819016163328_n

Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды.

– Қыдырәлінің арқасында танымал боламын деген ой болды ма?

– Қыдырәлі “үйленейікші, ойланасың ба?” деп айтқан емес. “Екеуіміз үйленеміз” деп ол кісі түбегейлі шешімді қабылдады.  Мен бала болдым. Тіпті, үйлену тойымыз маған үлкен бір қойылым секілді көрінді. Ал мен сол қойылымның қонағы едім. Ғажап-ғажайып ертегі әлеміне түсіп кеттім. Өзімнің әйел атанып, ерлі-зайыпты бола бастағанымыз кейіннен сезіле бастады.

– Қашан сезіле бастады?

– Нағыз өміріміз басталған кезде. Қайнаған гәстрөлдер басталып, Қыдекең кетті. Менің жалғыз көзім бозарып, таңның атысы, кештің батысы үйде отырдым. Енді ғана тұрмысқа шыққан мен үшін мұның барлығы оңай болған жоқ. Жастығым көзімнің жасына шылқылдап тұратын. Оның арасында өзін, өнерін сүйетін қыздар күні-түні үй телефонына маза бермейтін. Мен өшіріп тастай алмаймын. Өйткені Қыдекең гәстрөлдің сапарға кеткен кезде амандығымды білгісі келіп звондап қалуы мүмкін. Сол кезде мына телефон “косоглазая”, “кривоногая”, “страшная” деп менің адресіме айтылмайтын әңгімелер айтылады. “Қайдан ғана ол саған үйленді?”, “қайдан ғана сен тұрмысқа шықтың?”, “сен кім едің соншалықты” деп менің жеті атамның барлығын тазалап тастайтын.

Орысша-қазақша нешетүрлі сөздерді айтқан кезде ұрысып-ұрыспай жылайтын едім. Есікті далап жағылған еріндерімен сүйіп, түрлі хат қалдырады. Тіпті, есіктің алдына келіп ұйықтап жататын қыздар болатын. Сөйтіп бір күні гәстрөлден келгенде, мен Қыдекеңді жылап қарсы алдым. Бұлай болмайтынын, бірнәрсені шешуіміз керектігін айттым. Қыдекең азамат! Жағдайымды түсінді. Оны айлап көрмейтін кездерім болатын еді. Үйге тек киімін ауыстыру үшін келіп жүрді. Соның барлығы маған қатты әсер етіп, бірден түсіндім. Пәтерді сатылымға қойып, ертеңінде біздің тұрып жатқан пәтерімізді сатып алып кетті. Жаңа пәтерде барлығы ауысты. Құлақ тынышталды. Өмірге ұлымыз келді. Бақытымыз еселене түсті. Жәйлап бақыттың, шаттықтың дәмін сезіне бастадым. Адам баласына сабыр керегін түсіндім.


Жіберіп алмаңыз:

Әйкерім Қалаубаева қызына дәл өзінікіндей он түрлі көйлек кигізді (фото)

Қайрат Нұртастың анасы Таиландта қолтырауынның етін жеп қоя жаздаған (фото, видео)

«Әлем аруы» байқауына Қазақстанның атынан Дарина Құлсейітова қатысатын болды (фото)

Дизайнермен соттасып жатқан Меруерт Түсіпбаева шетелге кетіп қалды (видео)

Талқылау