«Әлем аруы» байқауына Қазақстанның атынан Дарина Құлсейітова қатысатын болды (фото)

Сәрсенбі, 11 Қаңтар , 2017 12:21

Манилде өтетін «Әлем аруы» байқауына Қазақстанның атынан 19 жастағы «Семей аруы» Дарина Құлсейітова қатысатын болды.

1357305

Бұл туралы «Қазақстан аруы» байқауының баспасөз қызметі хабарлады.

12 қаңтар күні Манилде (Филиппин) 65-ші халықаралық «Әлем аруы» сұлулық байқауы өтеді. Онда әлемнің түкпір-түкпірінен келген сұлулар бақтарын сынамақ.

1357339

Дарина Құлсейітова бұған дейін «Семей аруы» атағын жеңіп алған. Одан бөлек, «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының ақтық сынында өнер көрсеткен. Сол сияқты халықаралық «World Beauty 2016″, Best Foto Model World Russian Beauty 2015 байқауларына қатысқан, “Miss International Vietnam 2014” байқауының бірінші вице-миссі (Халықаралық Fashion House International сұлулық байқауы).

Бүгінгі таңда Дарина Семейдегі Р.Байсейітов атындағы қаржылық-экономикалық колледждің үшінші курсында оқиды. Бос уақытында бимен айналысады, саяхаттағанды ұнатады.

“Мен үшін «Әлем аруы» байқауына Қазақстанның атынан қатысу – үлкен мәртебе. Әлі күнге дейін сене алар емеспін. Лайықты түрде өнер көрсетіп, елімізді, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді мейлінше көрсету үшін барымды саламын”, — дейді Дарина.

14693731_211342999277548_6222188017285595136_n

Дарина екі айдан бері халықаралық сұлулық байқауына дайындалуда. Ақтық сында Дарина танымал қазақстандық дизайнер Аида Кауменованың қолынан шыққан ұлттық киімді киіп шығады. Ал кешкі көйлекті Дарина үшін танымал дизайнер Наиль Байкучуков әзірлейді.

10890873_786676914713015_1089714687_n

«Әлем» аруы байқауының сайтына арналған ресми фотосессияны қазақстандық фотограф Данил Олейник жасады. Ал бас серіктес ретінде итальяндық Isabel Garcia бренді аталды. Сондай-ақ, қазақстандық арудың күнделікті киетін киімі қазақстандық сәнгер Лора Абдрамова (Fashion Park) мен Альбина Федорованың қолынан шыққан.

14712351_327061404316289_1836562972508422144_n

“Әлем аруы” байқауы (Miss Universe) — жыл сайын өтетін әлемдегі ең беделді сұлулық байқауының бірі. Жеңімпаз ару ұйымдастырушылармен бір жылдық келісім-шартқа отырады. Бұл уақыт аралығында “”Әлем аруы” қайырымдылық және әлеуметтік мақсатта бүкіл әлемді аралайтын болады.

12383404_1580312602281010_294311610_n

Айта кетейік, “Әлем аруы-2016” байқауында Филиппины елінің тумасы Пиа Алонзо Вурцбах жеңіп алған болатын. Ал биылғы жылдың ең әдемі аруы 2017 жылдың 30 қаңтарында Mall of Asia Arena-да анықталатын болады. Байқаудың ақтық сыны тікелей эфир арқылы әлемнің 150 елінде көрсетілмек.

13167283_236938336673308_2067995024_n

11352331_506461622851760_1919127543_n14590987_1222992167767622_8275011642643709952_n

 

14052599_937087113104367_2121059784_n

Жіберіп алмаңыз:

Сәкен Майғазиев отбасымен бірге Дубайда саяхаттап жүр (фото)

Мәдина Сәдуақасова анасын Дубайға апарамын деп ауыртып алған

Нұржан Керменбаев: Алғашында келіншегімнің есі дұрыс емес екен деп ойладым

Жазира Байырбекова: Көңіліме қаяу түсіргендерден алыс жүргім келеді

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар