Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат Әбілдина 2 жасар қызына ән арнады

Қарақат Әбілдина төрт ұлдан кейін өмірге әкелген қызына ән арнады. Әнші желідегі парақшасында аталған әннің мәтінімен бөлісті, деп жазады Stan.kz.

Қарақат Әбілдина 2 жасар қызына ән арнады
Болмановтар үйінің кенжесіне арналған ән жақында жарыққа шығады. Туындының сөзін – Гүлзина Нұрманова, ал әнін – Жанар Қожағазина жазған. Бұл ретте Аяласының кезекті суретін жариялаған Қарақат оған арналып жазылған өлеңімен де бөлісті.

“Қызым-ау, аппақ әкеңнің тілегісің,
Кеудеде соққан анаңның жүрегісің,
Көктегі күнім, қызғалдақ гүлім-ау өмірімнің
Өлшеусіз бағы екеніңді өзің білемісің?! Шолпаны менің таңымның,
Раушаны иран бағымның,
Аяулы қызым, саясы менің жанымның.
Жаралған мөлдір сезімнен,
Айналдым сенің көзіңнен.
Асықпын күнге сырласатұғын өзіңмен!
Жаратқан сенің жаныңды асыл етсін,
Әрдайым өмір жолыңды ашық етсін.
Жанымен сен деп, әнімен тербеген ата -анаңа,
Қуанышыңды көруді ғана оу нәсіп етсін!” – дейді Әбілдина.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау