Қарағұсова: Бiздiң жерiмiздi жалға алуға шетелдiктер кезекте тұрған жоқ

Бейсенбі, 5 Мамыр , 2016 15:31

Бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында мәжiлiс депутаты Гүлжан Қарағұсова жер мәселесiне қатысты пiкiрiн айта келiп, қазiргi уақытта бiздiң жерiмiздi жалға алуға шетелдiктер кезекте тұрмағанын айтты, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

қарағұсова

«Ешкiм өзгерiстердi саралаған жоқ, тек қажеттi жерiн мәтiннен жұлып алды. Осының негiзiнде шындыққа сәйкес келмейтiн ақпараттар тарады. Ең басты жауапты Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында айтты, яғни жерiмiз шетелдiктерге ешқашан сатылған емес және алдағы уақытта да сатылмайды. Сiздерге бiр фактiнi айта кетсем: 2013 жылдан бастап инвестициялар туралы заңға инвесторлар үшiн айтарлықтай жеңiлдiктер енгiздiк – олар бүкiл дерлiк салықтан 10 жылға босатылды. Либералдық көшi-қон тәртiбi бар, сондай-ақ инвестицияларды қарауда да жеңiлдiктер қарастырылған. Қазiр 2016 жыл, өкiнiшке қарай, ешкiм әлi күнге дейiн келген жоқ», – дейдi Г.Қарағұсова.
Депутаттың сөзiне сүйенсек, қазiрде елiмiзде 0,06 пайыз жердi шетелдiктер жалға алып отыр.
«Олардың 2 пайызы – қырғыздар, 2 пайызы – өзбектер, 2 пайызы еуропалықтар, олардың iшiнде немiстер мен голландықтар бар. Жердi жалға алып, өз технологияларын әкелуге дайын шетелдiктердiң кезегi жоқ. Ал заңның өзiнде нелiктен 25 жыл екенiн нақты жазылған. Бiз шетелдiктерге жердi жалға 2003 жылдан берi 10 жылға берiп келемiз. Бiрақ осы уақытта олар өз инвестициясын қайтарып, пайда таба алмай отыр. Сондықтан халықаралық тәжiрибе негiзiнде бұл мерзiм ұзартылды. Осылай айтқан кезде, барлығы түсiнедi. Сондықтан бiзге елiмiздегi кез келген қадам бойынша түсiндiру жұмыстарын күшейткен дұрыс шығар», – деп түйiндедi депутат

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • орда says:

    Еркектің ісіне араласпағаны дұрыс. Қатынның тірлігіне: бала туу,балаға жақсы тәрбие беру, тамақты дәмділеп даярлау, кір жуу,үй жинау, күйеуіне адал болу, еркек сөйлегенде ауызын жауып отыру, осылардың біреуі орындалмаса таяқ жеу,- деген міндеттер кіреді. Карагусова апай ақыры бес жылға депутаттыққа сайланған екенсің, сол уақыттың ішінде тыныш үндемей жүріңізші.Аузыңызды ашпай,үніңізді шығармай жүрсеңіз,абыройлы болатыныңызға сенімдімін.

  • Жұмбақ жан says:

    Осы қатын сөйлемесінші! Тошнит от нее((

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар