Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Карағандылық салық қызметкерлері Головкиннің туған бауырын сотқа берді

Қарағанды облысының мемлекеттік кірістерді бақылау департаменті Қазыбек би аудандық мемлекеттік кірістерді бақылау басқармасы Максим Головкиннің үстінен сотқа шағым түсірді.

03e83eba-083a-40d3-93eb-6ce34ec5820d (1)

Олар танымал боксшы Геннадий Головкиннің туған бауырын салық қарызы үшін айыптап отыр.

Бұл туралы аудандық №2 соттың кеңсесі Today.kz-ке хабарлады.

“Сот Қорлан Оралбекова Максим Головкиннен автокөлік салығына қарызын өндіріп алуға шешім шығарды. Головкин соңғы екі жылдан бері көлік салығын төлемеген. 21 338 теңге 320 теңге көлеміндегі мемлекеттік баж салығы өтелді. Жауапты Максим Головкиннің өзі сотқа келмеді. Бірақ сотқа шақырту оның Қарағандыда тіркелген мекен-жайы бойынша жіберілген еді”, – деді сот кеңсесінде.

Максим Головкинге соттың өкімін ерікті түрде орындау үшін бір ай көлемінде уақыт берілді. Кері жағдайда, сот өкімі сот орындаушысына өткізіледі, ол Головкиннің есеп шотын бұғаттайды.


Жіберіп алмаңыз: 

Сабина Алтынбекованың суреті 7-сыныптың оқулығында жүр

 

Қанат Ислам: Егер Геннадий келіссе, мен онымен рингке шығамын

Қазақстандық боксшы қыз өзіне тиіспек болған мас ер адамды нокаутқа түсірген

Талқылау