Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық "Хатиконың" оқиғасы желі қолданушыларын елжіретті

Қожайыны тастап кетіп, жеке үйден пәтерге келген иттің оқиғасы желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.

Хабарлама Инстаграмдағы skandal_krg парақшасында пайда болған. Яна есімді қыз Троян есімді ит күн сайын аялдамада отырып, иесін күтетінін айтыпты.

“Салқын, аш, түр әлпеті кетіп қалған ит өзін неліктен тастап кеткенін түсінбейді. Ол өз үйінің күзетшісі еді және қожайынын шексіз жақсы көрді. Бірақ қожайыны бірер күн бұрын үйін сатып, қазір Троянсыз пәтерге көшіп жүр. Ал ит болса оны күн сайын аялдамада күтеді”, – деп жазады ол.

Оның сөзінше, 6 айлық ит тамағын әзер тауып жеп жүр. Пікір қалдырушылар иттің иесіне наразылық танытқан.

Жіберіп алмаңыз:

Оралдық жігіт шымкенттік науқас қызға бір бүйрегін беріп, өмірін арашалап қалды

Петропавлда полицей әйелді зорламақ болған ер адамнан құтқарып қалды

Анасының даусын алғаш естіген құлағы керең нәрестенің қылығы көпшілікті жылатты (видео)

Талқылау