Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда мерекелік шеруден кейін соғыс ардагерлерінің суреттерін қоқыс жанына лақтырып кеткен

Қарағандыда белсенділер соғыс ардагерлері портреттерінің иелерін іздеп жатыр. Әлдекімдер “Өлмейтіндер полкінің” шеруі аяқтала салысымен суреттерді парк жанындағы орындықтарға тастап кете барған.

Безымянный

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Портреттерді акция координаторлары үйлеріне алып кеткен. Онда Кеңес Одағының батырлары, танымал тұлғалар, оның ішінде ұшқыштар, халық батырлары бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай келеңсіздікке олар алғаш рет ұшырап отыр екен. Тауып алғандары туралы айтып әкімдікке хабарласқанда, олар портреттің иелерін іздемейтіндерін айтып жауап беріпті. Енді ұйымдастырушылар іздеуді өздері жүргізбек. Биыл бұл акцияға 15 мың қарағандылық қатысқан болатын.

шлш

“Бұл вандалдардың әрекеті. Мұны бұлай қалдыруға болмайды деп ойлаймын”, – деді Қарағанды қаласындағы “Өлмейтіндер полкінің” координаторы Оксана Олжабаева.

Оқи отырыңыз:

Шымкент шенеуніктері жер сілкінісі кезінде не істеу керектігін көрсетті (видео)

Қызылордада білім мекемелері жанынан ашылған сауналарда жезөкшелер еркін жүр (фото,видео)

45 жастағы қыз: Ең қиыны әрі қорқыныштысы жалғыз қалу екен

Белгілі модель Шымкентке келін болған азапты жылдары жайлы ашық айтты (фото)

Талқылау