Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыдағы адам өлімі: Күдікті Гурурян Ресейде ұсталды

Қарағандыда мейрамханадағы адам өліміне күдіктелген Нарек Гурурян Ресейде ұсталды.

Бұзақылық әрекеттер мен адам өлімі үшін күдіктелген Армения азаматы Нарек Гурурян ұсталды. Бұл туралы ІІМ ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Сәдубаев мәлімдеді.

“Бүгін ІІМ криминалды полиция қызметкерлері Ресейдің құқық қорғау органымен бірлесе отырып Омбы облысында күдікті Нарек Гурурянды ұстады”, – деді Сәдубаев.

Айтуынша, қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр.

Нарек Гурурян 1997 жылы туған. Оған 3 қаңтарда іздеу салынды. Оның суретін желіге құқық қорғау органдары жариялады. ІІМ-де Гурурянның 1 қаңтардан соң Ресей шекарасына өтіп кеткенін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, 1 қаңтарда түнде бір топ жастар жаңа жылдық мейрамды қаладағы мейрамханалардың бірінде атап өткен кезде қанды оқиға орын алды. Төбелес салдарынан мейрамхана маңында 23 жастағы жігіт көз жұмды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау