Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда жаңа туған сәбиді аурухананың еденіне тастап кеткен

Теміртау қаласындағы №4 ауруханадан азиаттық нәсілдегі нәресте табылды. Перденің артындағы еденнің үстінде жатқан шарананы дәрігерлер тауып алған. Ол көрпеге оралған күйі жатқан. Кішкентай ұл баланың ол жерде қанша уақыт жатқаны белгісіз.

8573550

Дәрігерлер нәрестенің жаурауын басу үшін арнайы бөлімге жатқызған. Қазіргі уақытта бала ауруханада қауіпсіз жағдайда. Дәрігерлердің айтуынша, ол өзін жақсы сезінеді. Полицейлер сәбидің анасын іздестіріп жатыр.

Аталған іс бойынша жедел-іздестіру тобы құрылып, ҚР ҚК “Қауіпті жерге қалдыру” 119-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

“Егер баланың денсаулығы жақсы болса, алдағы уақытта ол балалар үйіне немесе басқа мекемеге жіберіледі”, – деді Теміртау қаласындағы балалар ауруханасының басшысы Анися Пя.

Оның айтуынша, бала қазір аурухананың жаңа туған сәбилер бөлімінде жатыр. Зерттеу нәтижесінде баланың дені сау болып туылғаны, және денсаулығы жақсы екені анықталды. Дәрігерлер оған Батырхан деп ат қойған. Олардың айтуы бойынша, бала перзентханада туылмаған.

Талқылау