Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда таксиші келіншекті өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты

Қарағандыда таксиші келіншекті өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты. 28 жастағы Юлия Стонкусты кірпішпен ұрып ажал құштырған айуан 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал өлі денені елдің көзінен жасыруға көмектескен сыбайластары 2 жылдан арқалады. Алайда марқұмның туыстары қылмыскерлерге жеңіл жаза берілді деп наразы. Естеріңізге салсақ, өткен жылдың қазан айында такси фирмасынан көлік шақыртқан қылмыскер жүргізуші әйелді ұрып өлтірген еді. Кейін екі досын шақырып, денені айдаладағы құдыққа тастап кеткен, деп хабарлайды КТК арнасы.

Юлия Стонкусты ұрып өлтірген 35 жастағы Сұлтан Плиев соттың алдында алғаш тұрған жоқ. Бұған дейін ол 4 рет сотталған. Дегенмен ең ауыр қылмысы осы. Алғашында алаяқтық жасаса, кейін ұрлық пен тонауға дейін барыпты.

“Плиев Сұлтан Русланұлы 15 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді. Келтірген моральдық шығын есебінде зардап шегушілергі 1 жарым миллион теңге төлесін”, – дейді судья Бекзат Шалғымбаев.

Ал Юлияның денесін құдыққа тастауға көмек қолын созған екі сыбайласы оңай құтылды. Адам өлтіргенін көре тұра, денені жасыруға көмектескендер екі жылдан мерзім арқалап отыр.Сот шешімі бойынша үшеуі де түрмеде арақтан емделетін болды. Алайда осыншама қылмыс жасап елді шулатып жүрген қылмыскерге кесілген жазамен марқұмның туғандары келіспейді.

“Ол нағыз қылмыскер. Не істесе де мерзімінен бұрын бостандыққа шығып отырады. Бір емес төрт рет осылай қайталанды. Заңымыз солай ғой.  Шықты да менің қызымды өлтірді. Осындайлар шығады да, біреуді жесір, біреуді жетім қалдырады”, – дейді марқұмның әкесі Зигмас Стонкус.

Сот барысында сотталған үшеу өз кіналарын мойындаған болды. Алайда марқұмның әкесі өзінен кешірім сұрауға жарымаған айуандарға бұдан да қатаң жаза кесілуін қалайды. Сондықтан облыстық сотқа аппеляциялық арыз жазуға бел байлап отыр. Ал анасының кеткенін білмейтін екі жастағы жиенін өзінің бауырына басыпты.

Оқи отырыңыз:

Шымкенттік романтик жігіттің әрекеті қала тұрғындарын таңғалдырды

Ақтөбедегі өрт: Аман қалған бес науқасқа ауруханада қарулы күзет қойылды

Алматыда жас ана шиеттей төрт баласымен бірге қайыр сұрап отыр

Атыраулық жүргізуші аязда адамдарды тегін тасып жүр (видео)

Талқылау