Қарағандыда сегізінші сынып оқушысын пышақтап кетті

Бейсенбі, 27 Қазан , 2016 21:49

Қарағандыда 8-сынып оқушысының жарақаттануы бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

20161027194947

«Бүгін Қарағандыдағы № 34 мектепте оқушылардың бірінің ұялы телефонының ұрлануы бойынша профилактикалық шаралар өткізілді. Профилактикалық әңгімеге 7,8 сыныптардың үш оқушысының ата-анасы шақыртылды. Оқушының бірінің анасымен бірге мектепке оның студент ағасы келген», – деді Қарағанды білім бөлімінде.

Профилактикалық әңгіме аяқталды. Ал  студент дәретхана бөлмесінде 8-сынып оқушыларымен әңгімесін жалғастырды. Дау туып, оқушының аяғы жарақаттанды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Мектеп әкімшілігі жедел жәрдем мен полиция шақыртты. Аталған оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Қарағанды білім бөлімінде.

Облыстық басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлағандай, 27 қазанда сағат 12.20-да «жедел жәрдем» Қарағандының № 1 ауруханасына 13 жастағы оқушысы жеткізілді. Ол пышақпен жарақаттанған. Оған дереу ота жасады. Қазір жан сақтау бөлімінде. Жағдайы ауыр, алайда тұрақты.

Аталған факт бойынша полицейлер ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

16 жастағы жеткіншек ұсталды, ол кінәсын мойындады.

Жіберіп алмаңыз: 

Ақтөбе облысында оқушы қыз оқуына 150 мың доллар ұтып алды

Ақтөбеде төрт оқушы мектеп мұғалімін сабап тастады

Қазақстандық жұлдыздар ұлдарын қалай тәрбиелейтінін айтып берді

Роза Рымбаева барлық туыстарына Алматыдан пәтер алып берген

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар