Қарағандыда полицейді үйіне келіп өлтірмек болған адам ұсталды

Бейсенбі, 18 Ақпан , 2016 13:38

Қарағанды облысында полиция қызметкерін өлтіруге оқталған Ұлытау ауылының 28 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлады аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

1451285505-677

«17 ақпанда Ұлытау ауданында жергілікті 28 жастағы тұрғын полиция қызметкерін үйінің қасында аңдып, тегіс оқпанды мылтықпен оған қарай екі рет оқ атқан. Учаскелік инспектордың көмекшісі, полицияның аға лейтенанты оқтардан қашып үлгерді. Ер адамның мылтықты қайтадан оқтауы сәтін пайдаланған полицей самбо тәсілімен оны қарусыздандырып, оқиға орнына тәртіп сақшыларын шақырды», – делінген хабарламада.

Ұсталған ер адамды учаскелік инспектордың көмекшісі  бұған дейін билік өкіліне бағынбау үшін жауапкершілікке тартқаны анықталды. Алкогольдік мас күйінде болған тәртіп бұзушы осылайша полицейден кек алмақ болған.

«Ұсталған ер адам уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Оқиға орнынан шолақ мылтық алынды. ҚР ҚК-нің 24-99-бабының 2-бөліміндегі 2-тармақшасымен («Адам өлтіруге оқталу») сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп ақпараттандырды ведомствоның баспасөз қызметінен.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар