Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда пәтерден өрт шығып, әкесі мен 5 жасар ұлы көз жұмды

Қарағандыда қайғылы оқиға орын алды. Қаладағы пәтерлердің бірінде өрт шығып, 40 жастағы ер адам мен оның 5 жасар ұлы көз жұмды. Сондай-ақ, жоғарғы қабатта тұратын 83 жастағы кейуана қара түтінге уланып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп.

Қарағандыда пәтерден өрт шығып, әкесі мен 5 жасар ұлы көз жұмды

Әкесі мен ұлы, бәлкім өрттің эпицентрінде болған. Бөлмеде аквариумнан басқа ештеңе қалмаған. Ал бір күнде күйеуі мен ұлынан айырылған үй иесі бұл қайғылы жағдайға қатысты ештеңе айтқысы келмеді. Ол тек өрт тұтанған сәтте қызы екеуінің үйде болмағанын ғана түсіндіріп өтті.

Қара жамылған әйелге өрт туралы хабарлаған кезде оған жұбайының өлі табылғанын, ал ұлын әлі де құтқаруға тырысып жатқандарын айтқан. Пәтерде тұтанған өрттен тұрғын үйдің барлық тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіруге тура келген.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің тұтату себебі сөндірілген темекі немесе сіріңкеден болуы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау