Қарағандыда мектеп түлегі қытай лапшасын жегеннен кейін қайтыс болған

Жұма, 3 Маусым , 2016 12:29

Қарағандыда мектеп түлегі түскі астан кейін қайтыс болған. Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылған он жеті жастағы Руслан Аймұхамбетовтың өлімі жақындарына жұмбақ болып отыр. Өйткені, туыстары жеткіншектің ешқашан ауырып көрмегенін айтады.

Безымянный

Сурет: yvision.kz 

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ал полиция қызметкерлері қажетті сараптама тағайындағанын айтады.

Оқиға осыдан екі күн бұрын Руслан Аймұхамбетовтың сыныптасының үйінде болыпты. Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылған үш жеткіншектің біреуі  емтиханға дайындалып, түскі асты да бірге іштік дейді. Қасында болғандардың сөзінше, 17 жастағы Руслан қытай лапшасымен ауқаттанғаннан кейін өзін жаман сезіне бастаған. Кенеттен жерге құлап түскен түлектің ауызынан көбік ағып, қол-аяқтары дірілдей бастады,- дейді сол кезде қасында болған Ерхан Мұстафаев.

– “Массаж жасадық неше түрлі аяқтарынан ұрып. Неше түрлі қолымыздан барын, бетінен су құйдық. Сосын ол кезде уже скорыйға звондадық”, – дейді Русланның сыныптасы Ерхан Мұстафаев.

Бірақ қаладағы №57 мектеп лицейін бір апта бұрын ғана тәмамдаған Руслан Аймұхамбетовты жиырма бес минуттан соң жеткен ақ халаттылар да аман алып қала алмаған.  Жүрек-өкпе реанимациясын жасаған қызметкерлер жедел жәрдемге қоңыраудың кеш түскенін айтып отыр.

– “Бірақ өкінішке орай, біздің дәрігерлер келгенде зардап шегуші өмірден өтіп кеткен. Бірақ оған қарамастан дәрігерлер бәрін жасаған”, – дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Ал қара жамылған отбасы Русланның денсаулығы сыр беріп көрмеген еді дейді. Қайғылы жағдайдан қабырғалары қайысқан жақындары Медициналық Университетке түсуді армандайтын Русланның жақында Ресейде жобасын қорғап келгенін айтады.

Түлектің жұмбақ өліміне қатысты арнайы сараптама жүргізіледі. Қорытындысы шықпай, жеткеншектің неден қайтыс болғанын  ішкі істер департаментіндегілер де айта алмай отыр. Ал үйдің ортаншы ұлы Руслан Айтмұхамбетовтің денесі жер қойнына бүгін таңертең тапсырылыпты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар