Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда қоғамдық көлік жүргізушілері ереуілге шықты

Қарағандыда қоғамдық көлік жүргізушілері наразылық шарасына шықты. Таңалакеуімде негізгі деген 3 бағытқа қатынайтын автобустар сапарға шықпай, ел тірлігін тұралатып тастады. Мән-жайды КТК телеарнасы хабарлады.

322_9e7f91b82adbb0248b576c0ae7c84668

Сурет ekaraganda.kz

“Соляркамыз жетпейді, біз он рейс жасайық қалтамыздан кассадан құямыз”, – дейді жүргізушілер.

40-қа тарта автобус жүргізушісі берілетін жанармай көлемін арттырып, күнделікті жоспар сомасын азайтуды талап етіп тұрып алды. Салдарынан жұрт аялдамаларда жіпсіз байланды. Басқа автобустарға сыймағандары такси іздеп сандалған. Ал жүргізушілердің талабын талқылауға қала билігі келіп кеңес өткізді. Сөйтсе, дизель отынының 4 теңгеге қымбаттауына байланысты жоспарды 800 теңгеге арттырыпты. Енді шенеуніктер автопаркке отынды бұрынғы бағамен өткізетінін айтқан соң, автобустар бағыттарына қайта шықты.

“Дизель отыны жақын күндері 92-ден 96 теңгеге көтерілді. Автобустарға бір күнге берілетін отын көлемі кеміген соң жүргізушілер 800 теңгені қалталарынан төлеп келді. Барлық мәселе осы сомада болды. Қазір барлығы жұмыстарына кірісті”, – дейді № 3 автопарк директоры Артур Григорян.

Талқылау