Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда қайын інісін Сирияға әкетпекші болған әйелге қатысты сот басталды

Қарағандыда кәмелет жасқа толмаған баланы Сирияға әкетпекші болды деп айыпталған әйелге қатысты сот отырысы басталды. Айыпталушы жасөспірімді өзімен бірге әкету үшін жалған құжат жасатпақ  болған. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Айта кетейік, 30 жастағы әйел Сириядағы содырларға медициналық көмек көрсетуге бармақшы болып, артынан кәмелет жасқа толмаған қайын інісін алып кетпекші болған еді.

Бір жыл бұрын ғана терроризме қатысы бар деп жұбайы сотталған Жансая Таңатарова екі бірдей бап бойынша айыпталып отыр.

Сот материалдарына орай, 30 жастағы әйел «ДАИШ» лаңкестер ұйымына қосылып қана қоймай, кәмелеттік жасқа толмаған қайын інісін Сирияға әкетпекші болған. Қазақстан шекарасынан асыру үшін айыпталушы өз келісімін берген 17 жастағы Сағи Жолдыбаевқа жалған құжат та жасап беруге уәде берген. Бірақ анасының рұқсатын ала алмаған соң, шетелге өзі кетпекші болды.

Сот отырысында екі жылдан бері намаз оқып жүрген жасөсіпірімнің өзі туған ағасының әйелін қолдады.

“Ол жай ғана сұрай салды. Ол әлі де ауырып жүр”,  -дейді Сағи Жолдыбаев.

Бір жылдан бері баласы түрмеде отырған Жаңыл Жолдыбаева кіші ұлын келінінің  жақындары қорқытып тастағанына сенімді. Өйткені бұған дейін тергеушіге жауап берген 17 жастағы бала жеңгесінің хабарлама жазып, ақша талап еткенін айтқан.

“Анау ұлымды қорқытып тастаған. Неге қорқытқанын білмеймін. Ал анау рас. Куәлігіңді әкел, паспортыңды жөндеп берем, алып кетем, «Ты мой сын» деп өзім көргем, өзім оқығам”, – дейді Сағидың анасы Жаңыл Жолдыбааева.

Айыпталушының жақындары тергеу барысында бірнеше заң бұзушылықтардың болғанын айтып отыр. Өйткені, басқасын айтпағанда, «Жансая Таңатарованың темір торға қамалғанын бір айдан кейін ғана білдік», дейді. Сондықтан туыстары кәмелеттік жасқа толмаған қайын інісін шетел асырғысы келгенін де жоққа шығарады.

“ Ол экспертизада менің показанием жоқ. Мен обвинительный свидетель боп жатырмын. Ал ондай бола ма? Жалғыз ағасы обвинительный свидетель бола ма?”, – дейді айыпталушының ағасы Жалғас Таңатаров.

Мемлекеттік айыптаушылар бүгінгі тыңдалымда куәгерлерден жауап алып, Жансаяның Сирияға шығу жоспарын тізбектеп үлгерді.

Олардың айтуынша, алдымен Қарағандыдан Жамбыл облысына баруы тиіс болған әйел шекара асып, Қырғызстанға ұшуды ойластырған. Кейін Стамбул қаласына аттанып, сол жердегі лаңкестермен Сирия Араб еліне кетуді жоспарлаған.

Тағы оқыңыз:

Ақтөбеде орамал таққан оқушылардың ата-анасы мектеп директорын сотқа берді

Ауғаныстандағы террактіде қайтыс болған Қазақстан азаматының артында екі баласы қалды

Ең жас маскүнем: ШҚО-да алты жасар бала наркодиспансерде есепте тұр

Таразда істі болған сығандар сот отырысындағылардың көзін байлап, қарғыс айтты

Талқылау