Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда караокедегі көңілді отырыстың арты қыздардың төбелесіне ұласқан

Қарағанды  соты қаладағы караоке клубтарының бірінде болған қыздар арасындағы жанжалға қатысты үкім шығарды. Қылмыстық іс Қазыбек би аудандық сотында қаралды. Сотталушы орындығында отырған Қарағанды ​​қаласының 22 жасар тұрғынынан жауап алынды. Ол ҚР ҚК 107-бабы бойынша «орташа жағдайда денсаулыққа қасақана зиян келтіру» қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Қарағандыда караокедегі көңілді отырыстың арты қыздардың төбелесіне ұласқан

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Оқиға өткен жылдың қазан айында болған. Айыпталушы келген Қарағандыдағы караокеде жәбірленуші өзінің туған күнін әпкесімен бірге атап отырған.

Таңғы сағат төрттер шамасында сотталушы мен жәбірленушінің арасында дау туып, арты жанжалға ұласқан. Караокеде төбелескен қыздар әнге тапсырыс беру кезегі кімдікі екенін анықтай алмай, төбелесе кеткен.

Қыздар бір-бірінің шаштарын жұлып, еденге құлаған. Сотталушы жәбірленушінің оң аяғын тістеп алып, қызға  медициналық көмек қажет болған. Сонымен қатар, жәбірленушінің беті, мойны, қолы, аяғы көгеріп, денесі тырналып жарақат алған.

Өз кезегінде, жауапқа тартылушы өзін өзі қорғау мақсатында ғана әрекет еткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, қарсыласы оны қатты қылқындырып, тұншықтырған.

Сот  сотталушыны «Орташа жағдайда денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабы бойынша кінәлі деп тауып, оған бір жыл сынақ мерзімін белгілеу арқылы бір жылға бас бостандығын шектеді. Ол сондай-ақ 80 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тартылады. Бұдан басқа, айыпталушы зардап шегушіге 250 мың теңге көлемінде моральдық шығын төлейді. Сондай-ақ, ол өз қорғаушысына қызмет көрсеткені үшін 130 мың теңге төлейді екен.

Тағы оқыңыз: 

Instagram-ның кесірінен болған өлім: Павлодарда омбылық студентті өлтірген жігіт сотталды

Т9 редакторының кесірінен: Қарағандылық әйел өзін балағаттаған ата-ананы сотқа берді

Павлодарлық стилист Instagram-дағы суретін БАҚ-та жариялаған журналисті сотқа берді

 

Талқылау