Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда оқушы жоғарғы сынып оқушыларының бопсалауынан кейін дәрі ішіп өлмек болған

Қарағандылық 9-сынып оқушысы Арсентия Дмитриев жоғарғы сынып оқушыларының бопсалауынан кейін дәрі ішіп, өзіне өзі қол жұмсамақ болған. Ол қазір жансақтау бөлімінде өлім аузында жатыр.

cutting-depression-drugs-drunk-Favim.com-2213360

Сурет favim.ru сайтынан алынды

Бұл туралы 31 арна  хабарлайды.

Жастағы Арсентия Дмитриевті аман алып қалу үшін дәрігерлер жанталасып жатыр.

«Оқушы 17-і күні ауруханаға ауыр күйінде жеткізілді. Оны басқа бөлімге ауыстырарда әлеуметтік қорғау мен психологтарды шақыратын боламыз», – дейді облыстық балалар ауруханансың асшысы Арғын Бидайбаев.

Оқушының жалғыз ғана анасы бар, оның өзі ІІ топтағы мүгедек. Анасы да ауруханада жатқандықтан, ұлының дәрілерді қай кезде ішкенін ешкім білмейді. Ол мектепте соңғы рет сенбі күні ғана болған екен. Досының айтуынша, ол бірнеше күн үйінде уланған күйі жатқан болуы мүмкін.

«Біз оған дүйсенбі күні барып едік, ол есігін ашпады. Сейсенбі күні де үйінде ешкім болмады. Кейіннен оның жансақтау бөліміне түсіп қалғанын естідік», – дейді досы Сергей.

Сергейдің айтуынша, досының өзіне қол жұмсауына жоғарғы сынып оқушыларының ақша бопсалауы себеп болуы мүмкін. Арсентия мен оның ортақ достарын жоғары сынып оқушылары қорқытып, ұрып, ақша талап еткен. Соңғы рет олар Арсентияны 2 мың теңге әкелмегені үшін соққыға жыққан.
Татьяна Уразметова мен Арсентияның тағы бір досының анасы полицияға арыз жазған.

Мұғалімдермен сөйлесу мүмкін болмады. Ал, мектеп басшылығы бұл істен бейхабар көрінеді.

Қалалық білім бөлімінде мұғалімдердің оқушыны іздегенін айтады. Олар үйдің есігін ашқызу үшін полицейлерді шақыртқан екен. Алайда, балаға зияны тимес үшін ресми түрде пікір айтудан бас тартқан. Қазір істі прокуратура тексеріп жатыр. Бірақ құқық қорғау органдары да үнсіздік танытып отыр.

Талқылау