Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда анасы ауруханада тастап кеткен 1 жасар сәби қайтыс болып кетті

Қарағандыда анасы ауруханада тастап кеткен бір жасар бала қайтыс болды. Анасы өзінің мұндай әрекетін үйінде 5 баласынын күтіп отырғандығымен түсіндірген-ді. Қорғаншылық органдары оларды ата-ана құқығынан айырмаған. Тек баланың отбасы қиындықтарын шешкенше, оны уақытша балалар үйіне тапсырған еді, деп хабаралайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Қарағандыда анасы ауруханада тастап кеткен 1 жасар бала қайтыс болды

Анасы тастап кеткен сәбидің оқиғасын ауруханадағы пациенттер жария еткен еді. Баласымен бірге ауруханада жатқан анасы бірнеше сағатқа сұранып кетіп, артынша қайтып оралмаған. Жалғыз қалған сәбидің күтіміне көрші палатадағы әйелдер көмектесіп, қарайласқан екен.

Дәрігерлер әу-бастан оң болжам бермегенімен, бәрі-бір сәбидің өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгенін жасаған. Жүрек ақауымен туған балаға жүрекширықтырғыш орнатылыпты.

Мұнан кейін оның ата-анасы сәбиін тастағысы келмегенін айтқан. Сәби балалар үйінде жарты жыл болады деп жоспарланған еді. Алайда ата-анасы алып кеткенше, сәби қайтыс болып кетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау