Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда 4 адам жол апатынан мерт болды

Қарағанды облысында Осакаров ауданы Трудовое ауылына жақын маңда екі көлік соқтығысты.

Жол апаты салдарынан жүргізуші мен үш жолаушысы мерт болды.

5 ақпанда “Қарағанды-Молодежный” жолы бойында “HUYNDAY TUCSON” көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, «LADA» көлігімен соқтығысты.

Соның салдарынан «LADA» көлігінің 45 жастағы жүргізуші мен үш жолаушы қаза болды. «HUYNDAY TUCSON» жүргізушісіне көмек көретілді. Ол ауруханаға жатқызылған жоқ.

Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау