Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда 24 жастағы бизнесмен жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Қарағандыда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 24 жастағы бизнесменді алтыншы тәулік қатарынан іздеп жатыр. Оны үйінде жары мен баласы күтіп отыр.

Бұл туралы Tengrinews.kz жазады.

Әлішер Тұрағұлдың жеке ЖШС-сы бар. Ол бірнеше жылдан бері мемлекеттік сатып алуларға қатысып, әртүрлі мекемелер үшін азық-түлік тауарларын саудалайды. Жоғалып кетер алдында ол Қарқаралы ауданының ауруханасына тауар жеткізуі тиіс болған. Әйелінің айтуынша, ол 24 қазан күні кешкі 23:00-де әйелімен бірге кешкі ас ішкен соң, жолға шығып кеткен.

“Ол таксимен кетіп, тауарды жеткізген соң Нұркен ауылындағы ата-анасына соғамын деген. Кейін оның тауарды да жеткізбегенін және ата-анасының үйіне де бармағанын білдік. Ол туралы ешкім ештеңе білмейді”, – дейді әйелі.

Қазіргі таңда облыстық ішкі істер депараменті бизнесменді іздестіріп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағанды облысында бензин бағасы 200 теңгеге жуықтады

Той кортежі кезінде 3 адамды мерт қылғаны үшін «Гелендваген» жүргізушісі сотталды

Талдықорғанда бала-бақша қызметкерлері мекемені әлдекімдердің дуалап тастағанын айтып даурықты

Қытайлық әйелдің мұрнына тіс өсіп кеткен

Талқылау