Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда 16 жастағы қызды интернетпен танысқан ер адам зорлап кетті

Қарағанды облысы, Шахтинск қаласында тұратын 16 жастағы қызды зорлап кетті.

cff4d444b8a79901a59e-400x300

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Оқиға “Алтын Арба” базарына жақын маңда болған.

Колледжде оқитын қыз өзінен бірнеше жасқа үлкен ер адаммен интернет арқылы танысқан. Ата-анасына туыстарыма барып қайтамын деп сылтау айтқан қыз, белгісіз ер адаммен кездесу үшін Қарағандыға кеткен.

Олар кафеден шыққаннан кейін ер адам оны подъездге алып келіп зорлайды. Кәмелетке толмаған қыз абдырап бірден полицияға да хабарласпай, үйіне кетіп қалады. Ал кешкілік қан кетіп, ауруханаға жеткізілген.

“Жағдай тіркеуге алынып, ҚР ҚК 120 бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалып, тексеру жүріп жатыр”, – деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз:

Министр қатерлі ісікке шалдығып төсек тартып жатқан көпбалалы анаға көмектесті

Алматы облысында 8 жасар қыздың туыстары педофилдің басын шаппақ болған

АҚШ аспазы мейрамхана қонақтарына қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынып жүр

Түркістанда жас жұбайлар тойын оңалту орталығындағы балалармен бірге өткізді (фото)

Талқылау