Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 8 жасар қыздың туыстары педофилдің басын шаппақ болды

Алматы облысында 8 жасар қызға жасалған қастандыққа қатысты тергеу жүріп жатыр. Қаскөй екінші сынып оқушысын тура үйінің алдында ұстап алып, арам ойын іске асырмақ болыпты. Ал жанұшыра көмек сұраған қызды 11-сынып оқушысы естіген, деп хабарлайды КТК.

28853315-Depositphotos_121437736_xl-2015-1489480533-650-db0ebb2598-1489491197

Қаскөйдің қолынан бір рет сытылып шыққанымен, алысқа ұзай алмапты. Дене жарақатымен қоса, ауыр психологиялық соққы алған бүлдіршін ауруханада болған жайтты өз аузымен айтып берді.

“Көшеде келе жатқанымда ер адам соңыма түсті. Ол мені бас салып, аузыма әлденені тақады. мен ұйықтап кеттім. Сосын ол мені өзен көпірінің қасына алып келді де лақтырып жіберді. Мен тасқа соғылып қалдым”, – дейді бүлдіршін.

Сөйтсе, 2-сыныпта оқитын қызды 32 жастағы жергілікті тұрғын зорламақ болған. Оны полицияға ұстап бергендер ішімдікке сылқия тойып алғанын айтады.

“Пәтерде тұрады. Ол Өзбекстан азаматы. Ешқандай құжаттары жоқ. Біздің ауылда тіркелмеген. Метіркеге дейін жоқ”, – жәбірленушінің атасы Халид Татаев.

Тек жазғы уақытта су жіберілетін өзен арнасы басқа кезде маскүнемдердің жиі бас қосатын орнына айналған. Оны айналада шашылып жатқан бос шөлмектерден байқауға болады. Дәл осыны пайдаланған азғын арам ойын іске асыру үшін қызды күштеп осында жетектеп әкелген. Бірақ куәгерлер дер кезінде араласып, оны үркітіп жіберіпті.

Бүлдіршіннің жан дауысын естіп, көмекке ұмтылған Тимур есімді жігіт. 18 жасқа енді толған бозбаланың қолы қарулы екен. Соқталдай жігітті сескенбей ұрып, кішкентай қызды арашалап қалған.

“Қыз айқайлады жылап. Қасыма жүгіріп келді де, көмектесші  деді. Неге тидің деп едім, ол тұра қашты”, – дейді оқиға куәгері Тимур.

“Бұл жайлы ести сала келе жатыр едік, қиылыстан немеремді зорламақ болған күдікті шыға келді. Біз қуа жөнелдік. Қолыма балта алып басын шаппақ болдым. Көршілерім келіп қалып, араша түсті. Сәлден соң сабамызға түстік”, – дейді атасы.

Полиция азғынды бірден алып кеткенімен, қызға медициналық көмек тек 8 сағаттан соң көрсетіліпті. Себебі 4 аурухана қабылдаудан бас тартып бір-біріне сілтеген екен. Қазіргі таңда қажетті сараптамалар тағайындалып, күдіктіні ұстауға көмектескен азаматтарға марапаттау мәселесі қарастырылуда. Ал жәбір көрген қыз кемінде 10 күн дәрігерлердің бақылауында болады.

Еске сала кетсек, 14 сәуір күні Түргенде мектептен қайтып келе жатқан 8 жасар қызға ер адам шабуыл жасайды. Ол қыз баланы қорқытып, таспен ұрып зорлық жасаған. Қыз баланы жергілікті малшы құтқарып қалыпты. Бұған дейін оқиғаға облыстық ІІД түсініктеме берген болатын.

Талқылау