Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды шахтасында болған апат 3 адамның өмірін жалмады

Қарағанды облысындағы «Саран» шахтасында апат болды. Сол жерде болған 12 адамның 3-уі қаза тауып, 5-уі ауруханада жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

шахта караганда

Болжам бойынша, бұл апатқа тасымал қондырғысына арналған аспалы жолдың үзіліп кетуі себеп. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеуде. Ал дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендер түрлі жарақат алған. Бірінің басына зақым келсе, екіншісінің белі сынған. Қазіргі таңда бір кенші жансақтау бөлімінде жатыр. Айта кетейік, аталмыш шахта «АрселорМитталТеміртау» компаниясына тиесілі.

«Қаза тапқан мен жарақат алғандар 20 -дан 50 жасқа дейінгі жұмысшылар. Қазір компания басшылығы қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтуға кетті. Оларға және жарақат алғандарға материалдық көмек көрсетіледі», – дейді «Саран» шахтасының директоры Сергей Мустивко.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында бес адам жол апатының құрбаны болды

Шымкентте адам қағып қашып кеткен көлік жүргізушісі оқиға орынына қайта оралған

Алматыда өрттен қаза тапқан студенттер құлыпталған бөлме ішінде қалып кеткен

Лилия Рах: Мен кінәлі емеспін. Бұл әділетсіз шешім

Талқылау