Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында бес адам жол апатының құрбаны болды

Алматы-Бішкек тас жолында ажалды жол апаты орын алды. Оқиға орнында екі көліктің де жүргізушілері мен үш жолаушы қаза тапты.

avariya-na-mashine-2
Алматы облысындағы көлік апатында бес адам қаза тауып, бес адам жарақат алды . Алматы облысында көліктер соқтығысып, бес адам қаза тауып тағы алтауы ауруханаға жеткізілді. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

Оның сөзіне қарағанда қайғылы жағдай 9 қараша күні орын алған.  Mercedes  жәнеToyota Previa автокөліктері Алматы-Бішкек автожолының 140-шы шақырымында Ақтерек ауылынан 30 шақырым жерде соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Алты кісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, деп түйді Иманқұлов.

Жіберіп алмаңыз:

Түрмеде отырғандар қоқыс жәшігін жасап, қолғап тігумен айналысады

Аса қымбат зат тауып алдыңыз. Сізді ұрлықшы деп айыптамас үшін не істеу керек

Намазға бас қойған америкалық профессор не себепті егіліп жылағанын айтты

«Қазақстан аруы» Дональд Трампты көреген саясаткерге теңеп, жеңісімен құттықтады

Талқылау