Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысының экс-әкімі мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды

2015 жылдың желтоқсан айында жемқорлық бабымен 5 жылға сотталған Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды.

11947038

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“Қазыбек би аудандық сотының үкімімен 2016 жылы 19 мамырдағы Бауыржан Әбдішевтің өтініші қанағаттандырылды”, – деді шешімді оқыған Қазыбек би аудандық сотының судьясы Жұмагүл Шүженова.

Соттың үкімі заңды күшіне 15 күннен соң енеді.

Әбдішев Қазақстан Республикасының бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовпен бірге 2015 жылы 11 желтоқсанда сотталған болатын. Әбдішевке кәсіпкерлікке кедергі келтірді, қызмет бабын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік іске заңсыз араласты деген айыптар тағылған болатын. Оған 5 жыл мерзімді жалпы режимдегі колонияда өтесін деген жаза кесілген.

Бұған дейін, Әбдішев босап шығатын болса, онда қызмет ұсынылуы мүмкін екенін де жазған болатынбыз.

Талқылау