Қарағанды облысының тұрғыны құрбысын сабап құрсағындағы сәбиін түсіріп тастады
Шахтинск қалалық соты жүкті әйелді ұрған жергілікті тұрғын қамады.

Шахтинск қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрынғы құрбысының пәтеріне барған ер адам жанжалдасып қалып, оған қол тигізген. Жәбірленген әйел полицияға өтініш берген. «Жарақат салдарынан әйел түсік тастаған. Ымыраға келуден бас тартты. Ер адам айыбын мойындады.
Сот оны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танып, бір тәулікке қамау туралы шешім қабылдады. Сот-медициналық сараптамаға кеткен шығынды өтеу үшін 11 639 теңге өндірілді», – дейді соттың баспасөз қызметіндегілер.
Тағы да оқыңыз:
ОҚО тұрғыны әйелі «Иегова куәгерлері» ағымына кірген соң ажырасып кеткен
Тек шыныңды айтшы: Жоғалып кеткен қыздың анасы қызына үндеу жіберді
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды
"Түрме - осы өмірдегі тозақ"
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды